• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Хабарландыру

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығында Хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандарды іздестіруді ұйымдастыру және олардың отбасыларынан және мамандандырылған мекемелерден кетуін ескерту жөніндегі шараларды әзірлеу мәселелеріне арналған ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілуде. Осы ғылыми-зерттеу жұмысы төңірегінде аталған тақырып бойынша 2018 жылдың 8 маусымда сағат 09.00-де конференция жүргізу жоспарланған.

Конференцияда төмендегідей сұрақтарды талқылау жоспарланады:

1.​ Кәмелетке толмағандардың отбасынан және мамандандырылған мекемелерден кету себептерін ескерту мен алдын алу шаралары.

2.​ Кәмелетке толмағандардың отбасынан және мамандандырылған мекемелерден кетуді болдырмаудағы өзара іс-қимылдары.

3.​ Хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандарды іздестірудегі әкімшілік полиция және жедел-іздестіру қызметінде туындайтын өзекті мәселелер.

Конференцияға қатысу үшін Республикамыздың құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқу орындарының жетекшілері мен профессорлық-оқытушылар құрамдары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Баяндамаларды рәсімдеу талабы:

Баяндама электрондық қалыпта (флеш карта, СD) және қағазда басылған түрде қабылданады. Мақаланы теру керек, бет үлгісі – А4, қаріп (шрифт) түрі – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14, жолдар аралығы – 1, жаңа жол басындағы бос жер – 1,25 см., мәтін ені түзуленген, беттер нөмірленбеген, беттің өлшемдері: жоғары, сол және төменгі жақтары – 2 см, оң жағы-1 см. Баяндама мәтіні автормен оқылған және түзетілген болуы қажет.

Басылымға ұсынылған материалдардың шынайылығына редакция жауап бермейді, конференцияға қатысушылар туралы ақпараттарды және баяндамаларды 10 мамыр 2018 жылға дейін  электронды мекен жайғажолдауларыңызды сұраймыз.

Конференция қорытындысы бойынша жинақ шығару жоспарлануда.

Мекен жайымыз: Алматы қ. Өтепов көш., 29 Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы.

Байланыс телефондары: 87017329791, 87014466963, 87472685868

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы