Академия МВД

Кезекші бөлім

Кезекші бөлім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының (бұдан әрі-Академия) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

           Кезекші бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

          Кезекші бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.

                  Кезекші бөлімшесінің штаты

  • Кезекші бөлімінің бастығы -1
  • Кезекші бөлімінің аға инспекторы-1
  • Аға кезекші инспекторы-8
  • Кезекші инспекторы-4
  • Кезекші көмекшілері-12
  • БӨП полицейі-8

       Кезекші бөлімнің міндеті, функциясы, құқықтары мен міндеттемелері

    

Міндеті: Академия аумағындағы жағдай туралы ақпаратты өңдеу және жинау, Академия ұйымының басшылығына баяндайу;

Функциялары:

  1. оқу-саптық бөліністерінің күн тәртібін орындауын бақылайды;
  2. курсанттар мен оқытушылар құрамы қатарынан тағайындалған кезекші ауысымының оларға жүктелген міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
  3. Академия ұйымы аумағында сондай-ақ олардан тыс оқытушылар мен курсанттар құрамының қатысуымен болған төтенше оқиғалар фактілері туралы ЖБО мен ІІО кезекші бөлімдеріне Академия ұйымдарының басшыларына дереу хабарлау;

Міндеті: Академия ұйымы бекітілген әкімшілік ғимаратты және   аумақты күзетуді қамтамасыз ету;      

Функциялары:

1) Академия аумағына автокөлік құралының кіруін (шығуын) бақылау, Академия ұйымының бақылау өткізу пунктіндегі өткізу режимін қамтамасыз ету;  

2) курсанттар мен оқытушылар құрамы қатарынан тағайындалған кезекші ауысымды тәулік бойы бақылау;

3) Академия ұйымдарына арнайы жедел жоспарын және әзірлік деңгейін енгізу, Академия ұйымдары мен жоғарғы инстанциялардың басшылығына баяндаудай отырып, орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

4) төтенше (дағдарыстық) жағдай кезінде Академия ұйымдарының жеке құрамын жедел басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ тапсырылған                         іс-шаралардың орындалуын бақылайды;

5) кезекші бөлімге тиесілі арнайы құралдардың, қызметтік құжаттар мен басқада мүліктердің, қару-жарақтардың сақталуын қамтамасыз ету;

6) кезекші бөлімнің ішкі тәртібін қолдау.

       Кезекші бөлімнің құқықтары мен міндеттемелері.

1) курсанттар мен оқытушылар құрамынан белгіленген күн тәртібін сақтауды талап етеді;

2) Академия ұйымының саптық-оқыту бөліністерін тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша оқу орнының басшылығына ұсыныс енгізеді;

3) жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының   талаптарын мүлтіксіз сақтауға;

5) Академия ұйымының аумағындағы жағдай туралы ақпаратты үздіксіз жинақтауды жүзеге асырады;

6) Академия ұйымының аумағындағы төтенше оқиғалар мен күн тәртібін бұзушылықтарға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді.

Кезекші бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

Кезекші бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыруға қажетті өкілдіктерге ие.

Кезекші бөлімді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын (ол болмаған кезде – Академия бастығының саптық бөлім жөніндегі көмекшісі) бастық басқарады.

Кезекші бөлімнің бастығы кезекші бөлім қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және кезекші бөлімге жүктелген міндетті орындауға дербес жауап береді және өз функциясын жүзеге асырады.

Кезекші бөлімнің бастығы Академия басшылығына кезекші бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс береді.

Осы мақсатта кезекші бөлім бастығы (ол болмаған кезде – Академия саптық бөлім жөніндегі бастығының көмекшісі);

1) кезекші бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) Академия басшылығы жүктеген, өзгеде функцияларды жүзеге асырады.

Кезекші бөлімнің атынан басқа бөліністерге жолданатын кезекші бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарға кезекші бөлімнің бастығы, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояд.

     Кезекші бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

Кезекші бөлім Қазақстан РеспубликасыІІМ Алматы академиясы бастығының тікелей академия бастығының сап жөніндегі көмекшісінің қарамағында болады;

       Кезекші бөлімінің жұмысын   кезекші бөлім бастығы қадағалаиды.

     Кезекші бөлімінің инспекторларының құқықтары міндетері мен жауапкершіліктері

        Кезекші бөлімінің жұмысын кезекші бөлімінің бастығы ұйымдастырады. Ол тәуліктік нарядтың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Кезекші бөлімінің штаттық жұмысшыларына демалыс беру, ауыстыруға байланысты мәселелерді бекітілген тәртіпте шешеді, тәуліктік жұмыс нарядын жетілдіру, оның қызметінің алдағы формалары мен әдістерін енгізу шараларын қабылдайды;

Кезекші бөлім тәуліктік нарядтың қызметін 24 сағат ұзақтықта ұйымдастырады;

       Кезекшілікті өткізуші қабылдап алушы нарядқа өткізілетін іс-шаралар туралы, оқу орны басшылығының өкімі туралы және оған үнемі бақылау жасау керектігін нақты түрде таныстырады;

        Жалпы кезекші бөлімінің тәуліктік нарядының жұмысы және әрбір қызметкерлердің жұмысы келесі критерилер бойынша (функционалдық міндеттерді ескере отырып) бағаланады;

  • Заңдылық пен құпиялық режимін сақтау;
  • Жедел жағдайда, өздерінің құқықтары мен міндеттерін кезекші бөлімінің қызметін реттейтін нормативтік актілерді білу;
  • Болған оқиғалар туралы түскен хабарларды дер кезінде есепке алу.
  • Техникалық құралдарды дұрыс қолдана білу, оларды кезекші бөліміне жүктелген міндеттерді шешуге қолданудың тиімділігі;
  • Жұмыстағы мәдениеттілік және ұйымдастырушылық;
  • Қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың байланыс құралдарының сақталуы, қызметік құжаттардың жағдайы және сақталуы;
  • Тәуліктік нарядтың сыртқы келбеті, қызметтік бөлмелер мен басқа кезекші бөліміне тиісті басқа да мүліктердің жинақтығы;
  • Күн тәртібін сақтау.

                         Кезекші бөлімінің жұмысын қадағалау.

     Академия бастығының сап жөніндегі көмекшісінің қарамағында болады;

     Кезекші бөлімінің қызыметкерлерінің күнделікті атқаратын міндеті кезекші бөлімінің бастығының   қадағалауында.

FaLang translation system by Faboba