ІІО қызметкері 1 курс курсанттарымен кездесті

ІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында ІІО тәжірибелік қызметкерімен Заң институты күндізгі оқу факультетінің 1 курс курсанттарының   кездесуі өткізілді. Ішкі істер саласының қызметімен жақынырақ танысып, өз мамандығына деген қызығушылықты арттыруға арналған кездесуді академияның тәрбие жұмысы бөлімі ұйымдастырды.

Кездесуге КОФ оқу-сап бөлімінің 1 курс бастығы полиция подполковнигі Б. Мошанов, 1 курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты А. Меирманов, тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор-психологы мен инспекторы полиция капитаны Е. Жакиянов,  және  полиция лейтенанты А. Жумабеков қатысты.

   Кездесуді Қазақстан Республикасы ІІМ  М. Есболатов атындағы Алматы академиясының КОФ оқу-сап бөлімінің 1 курс бастығы полиция подполковнигі  Б. Мошанов ашты. Ол жиналғандарға кештің мақсатын айтып,  кездесуге келген қонақты таныстырды.

Алматы қалалық ІІД  Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Шарипов Олжас Муратұлы кездесу барысында теория мен практиканың өзара алшақтығына тоқталды. Сонымен қатар курсанттарға ІІО қызметінің қыр-сырын, өзіндік ерекшеліктерін баяндады.  

    ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының 1 курс курсанттары ІІО-ның тәжірибелік қызметкеріне қызмет жайындағы сұрақтарын қойып, тәжірибелі маманнан нақты мысалдарға жүгінген жауаптар алды.

Полиция майоры Олжас Муратұлы курсанттарға «ІІО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі» туралы баяндап ондағы ережелерді қатаң сақтауға,  сабақты жақсы оқып,   әскери-қызметтік тәртіпті бұзбай, қызметтеріне адал болуларын айтып, ағалық кеңесін жеткізді.

      Сонымен қатар, Олжас Муратұлы өз сөзінде: «Қызметтік киім, қару және арнайы құралдар сіздерге заңды қорғау белгілері ретінде берілген және сіздердің ақыл-парасаттарыңызға деген сенімнің белгісі. Сондықтан,  сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңізбен сөздеріңіз мемлекеттік биліктің іс-әрекеті және сөзі деп саналады. Халықтың, мемлекеттің мүддесіне сай барлық жағдайда Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Антқа, мемлекеттік  қызметкерлердің  Әдеп кодексіне сүйеніңіздер,  іс-әрекеттеріңіз айналаңыздағы адамдарға үлгі болсын.  Әрдайым оқыңыздар, өздеріңіздің рухани, мәдени және кәсіби деңгейлеріңіз бен білімдеріңізді арттырыңыздар. Өздеріңізге сын көзқараспен қарап, өз аттарыңызға айтылған ескертуді тыңдай біліңіздер. Қателікке жол берсеңіздер, оны түсініп, түзетіңіздер. Ұстамды болыңыздар және асығыс пікір білдірмеңіздер. Міндетті түрде шені жоғары қызметкерлермен амандасыңыздар. Үнемі спортпен шұғылданыңыздар, батыл, епті және ІІД-де қызмет атқару барысында экстремалды жағдайлардағы іс-әрекетке психологиялық тұрғыдан дайын болыңыздар» - деп атап өтті.

    

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 курс кездесу\DSC02919.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 курс кездесу\DSC02920.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 курс кездесу\DSC02922.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 курс кездесу\DSC02924.JPG

FaLang translation system by Faboba
Сіз мындасыз: Home News and Events ІІО қызметкері 1 курс курсанттарымен кездесті