Академия МВД

Оқу үрдісіне қосылған үлес

2017 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы жалпы-құқықтық пәндер кафедрасымен «Общие вопросы методики обучения государственно-правовым дисциплинам» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференция мақсаты - жалпы және кәсіби құзыреттер негізінде жатқан ғылыми білімдерге, дағдыларға және қабілеттерге ие болумен; оқу үрдісінде кәсіби тәжірибені қалыптастырумен; оқытылатын пән құралдары және оқытушының шығармашылық әлеуеті арқылы маман тұлғасын тәрбиелеумен байланысты мәселелерді қарастыру.

Конференция жұмысына Ресей Федерациясы ІІМ Омбы академиясының, Ресей Федерациясы ІІМ Шығыс-Сібір институтының, Ресей Федерациясы ІІМ Краснодар университетінің, Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Х.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің, ҚазЕжӘҚА, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, сонымен Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Конференция жұмысы барысында ақпараттық технологиялар мен электронды оқытуды қолданумен байланысты мәселелер қарастырылды, әсіресе мемлекет пен қоғамның мүдделері тығыз үйлескен қатынастар жүйесіне жататын жоғары білім беруге үлкен назар аударылды. Жоғарғы білім сапасын көтеру өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ал оны шешу оның мазмұнынын жаңғыртумен, білім беру үрдісін ұйымдастыруды оңтайландырумен байланысты. Оқытудың тәжірибелік бағыттылығы халықаралық қылмыстылыққа қарсы іс қимыл бойынша дөңгелек стөлдер сияқты оқыту нысандарын өткізуде көрініс табады, оларды курсанттар ұйымдастырады, сонымен қатар викториналар, олимпиадалар және басқа да нысандары өткізіледі. Оларды қолдану материалды анағұрлым тереңірек зерделеуге септігін тигізеді, ал оқытудың ойын нысандары ерекше ойлауды, аналитикалық қабілеттерді, жылдам әрекет ету, микротопта өзара әрекет ету шеберлігін, яғни полиция қызметкері үшін кәсіби маңызды қабілеттерін дамытады.

Конференция қортындылары бойынша жоғарғы оқу орындарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік-құқықтық пәндерді оқытуды жақсарту мақсатында әдістемелік ұсынымдар қабылданды, ол өз кезегінде оқытуға кешенді тұрғыдан келуге, курсанттардың жалпы теориялық материалды зерделеуі мен толыққанды білімге ие кәсіби құзыретті мамандарды дайындауды біріктіруге мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba
Сіз мындасыз: Home News and Events Оқу үрдісіне қосылған үлес