Ғылыми-зерттеу орталығының ІІО жұмысын жедел-іздестірумен қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшесімен Республикалық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Ғылыми-зерттеу орталығының ІІО жұмысын жедел-іздестірумен қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшесімен «Қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесудің мәселелері» атты ғылыми-зерттеу тақырыбының жұмыс бағдарламасына сәйкес республикалық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді.

C:\Users\Acer2\Desktop\Круглый стол 29.09.17 г\фото 1 отделение\SAM_0373.JPG

C:\Users\Acer2\Desktop\Круглый стол 29.09.17 г\фото 1 отделение\SAM_0366.JPG

C:\Users\Acer2\Desktop\Круглый стол 29.09.17 г\фото 1 отделение\SAM_0377.JPG

 

 

Өткізілген дөңгелек үстелге төмендегі: Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция Департаментінен, Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (ҰҚҚКБ), Алматы облысы ІІД ҰҚҚКБ және Тергеу басқармасынан, Жамбыл облысы ІІД ҰҚҚКБ, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменттерінің қызметкерлері, «Нархоз» университетінен, «Тұран» университеті, «Қайнар» университеті және де Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының профессорлық-оқытушылар құрамдары мен доктарантура, магистратурадан қатысты.

C:\Users\Acer2\Desktop\Круглый стол 29.09.17 г\фото 1 отделение\SAM_0363.JPG

Республикалық дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат - қылмыстық ұйымдармен және қылмыстық топтармен жасалған, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту әдістерін жан-жақты зерттеу және зерттеудің қорытындысын оқу үрдісіне, тәжірибе қызметіне енгізу болып табылады.

Дөңгелек үстелдің жұмыс бағдарламасына сәйкес келесі сұрақтар талқыланды:

1. Ұйымдасқан топ және қылмыстық ұйымға қарсы күресті жетілдіру.

2.Ұйымдасқан қылмыстылыққа қатысты істерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және жедел-іздестіру қызметінің ерекшеліктері.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере отырып, қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстарды, ТМД-ның ішкі істер органдарының бірлескен халықаралық ғылыми әзірлемелерінің және ғылыми қызметінің бағыттарын кеңейту қажеттілігін одан әрі жетілдіру мақсатында теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талқыға салынды.

Дөңгелек үстелдің  қатысушылары ТМД елдерінің және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу барысында өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын ұсынды.

C:\Users\Acer2\Desktop\Круглый стол 29.09.17 г\фото 1 отделение\SAM_0390.JPG

Республикалық дөңгелек үстелге қатысушылардың берген ұсыныстары ескеріліп, Ішкі істер органдарының жұмысын жедел-іздестірумен қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшесімен дайындалған әдістемелік ұсынымдарда және жинақтарда өз орнын табады.

Сонымен қатар, осы дөңгелек үстелге қатысушыларға академия тарапынан алғыстарын білдіре отырып, сертификаттар тапсырылды.

C:\Users\Acer2\Desktop\Круглый стол 29.09.17 г\фото 1 отделение\SAM_0453.JPG

Республикалық дөңгелек үстелдің материялдары мен баяндамалары бойынша жинақ шығару жоспарланған.

FaLang translation system by Faboba
Сіз мындасыз: Home News and Events Ғылыми-зерттеу орталығының ІІО жұмысын жедел-іздестірумен қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшесімен Республикалық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді