Күндізгі оқу факультеті

Академия Заң институтының күндізгі оқу факультеті Қазақстан Республикасы ІІМ–нің 2002 жылғы 3 мамырдағы № 302 бұйрығымен құрылды.

            Күндізгі оқу факультеті ІІО үшін жоғары білімді «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанында жоғары білікті кадрлар дайындауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Факультет Заң институтының құрамына кіреді және күндізгі оқу нысаны курсанттарының оқу үдерісін ұйымдастыруға және қадағалауға жауап береді.

Факультеттің басты міндеті – ұлттық және жалпы адам құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде ІІО қызметкерлерінің дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған қажетті жағдайлар жасау жолымен жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

Факультеттің негізгі міндеті:

-           мамандарды дайындаудың заманауи ғылыми деңгейі, курсанттардың терең теоретикалық білім алуы, түлектердің дәрежеленген мінездемесін талап ету көлемінде тәжірибелік біліктілігі мен белгіленген мамандық бойынша білімдерін белгіленген уақытта қамтамасыз ету;

-           оқу әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және оқу үдерісіне ғылыми-әдістемелік жұмыс нәтижелерін енгізу;

-           жеке құрамды тәрбиелеу бойынша жұмыс;

-           кафедралардың оқу – әдістемелік жұмысын координациялау;

-           факультет қызметкерлерінің және курсанттарының ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

-           оқу үдерісіне заманауи техникалық құралдарын және инновациялық технологияларын енгізу;

-           оқу үдерісін бақылау;

-           профессорлық – оқытушылық құрамның біліктілігін жоғарылату;

-           оқу және тәрбие үдерісінің органикалық үйлесімділігі;

-           оқу үдересіне ғылымның және техниканың жаңа жетістіктерін және ІІО жұмысының алдыңғы қатарлы жетістігін енгізу;

-           оқу үдерісінде білім берудің (оқытудың) үйлесімділігін және курсанттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оқытушылар мен курсанттардың жеке жұмыс жасауы үшін қажетті жағдай жасау, тұрақты және ауыспалы құрамның шығармашылық потенциялын жүзеге асыру және орындау;

-           оқу әдістемесін дәстүрлі әдістердің рационалды үйлесімділігі ғылыми ақпаратты жаңа техникалық құралдарды белсенді нысандардың кең көлемде қолдануды оқытудың белсенді түрлерімен әдістерін қарастырылуы негізінде жетілдіру;

-           оқу үдерісіндегі жоғары ұйымдастырушылық, жоспарлылық, ырғақтылық оқу жоспарымен, білім беру бағдарламасына сәйкестілігі;

-           факультеттер, кафедралар, өзге қызметтер және оқу орындарының бөлімдерге сәйкес келетін тапсырыс берушілер арасындағы арақатынасы.

Факультет құрамына 11 кафедра кіреді:

- Жалпықұқықтық пәндер кафедрасы;

- Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасы;

- Шет тілі кафедрасы;

Қазақ және орыс тілі кафедрасы;

Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы;

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы;

Қылмыстық іс жүргізу кафедрасы;

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы;

Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы;

Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасы;

Әскери және арнайы тактикалық дайындық кафедрасы.

Күндізгі оқу факультетінің бастығы – заң ғылымдарының доктары, полиция полковнигі Байсеитова Алия Темирхановна.

Бастықтың орынбасарлары:

- полиция полковнигіСнегирев Сергей Анатольевич;

заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Еремеев Дмитрий Витальевич.

КОФ аға оқытушы - әдіскерлер (эдвайзер):

полиция полковнигі Кушикбаева Менсулу Елесовна;

полиция подполковнигі Асубаева Раиса Кенжебаевна;

полиция подполковнигі Сагымбаева Индира Рахатовна;

КОФ оқытушы - әдіскерлер (эдвайзер):

полиция капитаныБатырбекова Гульназ Сериковна;

полиция аға лейтенантыСалимбаева Нургуль Ниетовна.

Есеп жүргізу технигі полиция кіші сержантыБатурова Бахтинур Нуршатовна.

FaLang translation system by Faboba