Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының негізгі міндеті - бұл курсанттар арасында оқу-әдістемелік, ғылыми-педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізу, ІІМ оқу орындарының жүйесіне ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау, құқық қорғау органдарының түрлі құрылымдарының анықтау және тергеу қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін көтеру болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу кафедрасы Қазақстан Респуликасының ІІМ 2002 жылдың 11-маусымындағы № 407 бұйырығымен құрылған және де Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы академиясының заң институтының күндізгі оқу факультетінің құрамына кіреді. 2016 жылы қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы болып қайта құрылды.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы оқу-әдістемелік және тәрбие процессіне бірге қол жеткізуді, курсаттарда, магистранттар мен докторанттарда моральдық-өнегелік қасиеттерін қалыптастыруды, кәсіби шеберлігін жетілдіруді, яғни тергеу, жедел-іздестіру, жалпы саяси және тәрбие жұмысын ұйымдастыра білу тәжірибесі мен жан жақты кәсіби білімі бар, терең теориялық дайындықтағы білікті мамандарды даярлауды алдыға мақсат етіп қойған.  

Кафедрадағы оқу процессі «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Криминалистика», «ІІО анықтау», «Прокурорлық қадағалау», «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру», «Процессуалдық құжаттарды құрастыру бойынша практикум» пәндірінің бағдары бойынша жүргізіледі.

Кафедрада ғылыми-педагогикалық магистратура желісі бойынша жыл сайын қылмыстық процессуалдық және криминалистикалық бағдардағы жұмыстар қорғалады.

PhD докторантура желісі бойынша қорғауға 8 диссертация дайындалған.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үнемі жетілуде және де заманауи заңтанудың өзекті мәселелерінің желісі бойынша түгелдей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аттестациялық құрамының 64 % заң ғылымдарының докторы (кандидат, магистр) ғылыми дәрежесіне ие.

Кафедра бастығы заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Аубакирова Анна Александровна.

FaLang translation system by Faboba