Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының даму тарихы 1956 жылдың 23 шілдесінен, жедел-іздестіру қызметкерлерін дайындайтын ҚСРО ІІМ-нің Алматы милиция арнайы орта мектебі, 1991 жылы Алматы жоғары мектебі, ал 1999 жылы Үкімет шешімімен Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы болып қайта құрылуынан бастау алады.

Қазақстан Республикасы Алматы академиясының оқу-ғылыми жиынтығының бірегей жүйесінде «жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы» жетекші қызмет атқарады.

Кафедра Қазақстан Республикасы ІІМ 2002 жылдың 11 маусымындағы № 407 бұйрығымен ұйымдастырылған және Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы заң институты күндізгі оқу факультетінің құрамына кіреді.

Кафедра қызметі – мемлекеттік және орыс тілдерінде «трансұлттық қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесудің тактикасы», «ЖІШ жүргізу тактикасы» және т.б. пәндерді оқыта отырып, құқық қорғау қызметінің негізін қалайтын болашақ криминалдық полиция қызметкерлерін дайындауға бағытталады және фундаменталдық білім беруді қамтамасыз етумен негізделеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әрқашан жоғары теориялық және тәжірибелік дайындықтағы білім деңгейімен ерекшеленеді.

Кафедрада ғылыми жұмыстарға, курсанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарына баса назар аударады. Кафедраның базасында «оперативник» атты курсанттардың үйірме жұмысын атқарылады. Жыл сайын үйірме курсанттар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары және басқа да жоғары оқу орындары арасында өтетін ғылыми-теориялық конференцияларға белсенді қатысады.

Кафедра ұжымы Алматы академиясы курсанттары мен тыңдаушыларының оқу пәндері бойынша тыңғылықты білім алуына және ішкі істер органдары қызметкерлерінің мүдделік тұрғыда абыройлы, беделді болуына, азаматтық тұрғыда тәрбиеленуіне барлық іс-шараларды атқарады.

Сонымен қатар кафедраның алдында, еліміздің ішкі істер органдарында біліктілігі жоғары, жедел-іздестіру қызметінде абыройлы және атқаратын қызметіне адал берілген, офицерлерді дайындау міндетті тұр.

FaLang translation system by Faboba