Әскери және арнайы - тактикалық дайындық кафедрасының тарихы

Әскери және арнайы – тактикалық дайындық кафедрасының құрылуы мен дамуы ҚР ІІМ Академиясының құрылуы мен дамуымен тығыз байланысты. 1991 ж. шілде айында Қарағанды жоғарғы оқу орнының арнайы және әскери дайындық кафедрасының базасында құрылған және Алматы ІІМ АОММ, ол «мобилизациялық және арнайы тактикалық» кафедрасы деп аталды. Оның мүмкіндіктері азаматтық қорғанысқа және арнайы тактикаға берілді.

1995 ж Әскери және арнайы тактикалық дайындық кафедрасы жаңа бағыт алды. Қазіргі таңда кафедрада «Арнайы полицейлік тактика»; «Әскери дайындық»; «Өмір сүру қауіпсіздік негіздері»; «Жалпыәскери тәсілдік дайындық» пәндері оқытылады.

   

КАФЕДРА ҚЫЗМЕТІ

1.Кафедра оқытушы профессорлық құрамы жалпы қалалық іс-шараларға басқада бөлімдермен тығыз байланыста бірлесіп қызмет атқарады.

2.Алматы қаласы ІІД жоспарына сай кафедра оқытушы құрамы Академияның курсанттары мен Алматы қаласы бойынша участкелік инспекторлармен бірігіп патрульдік қызмет атқарады.

3.Кафедра оқытушылары «Арнайы полицейлік тактика» пәні бойынша 2-3 курс курсанттарымен оқу-алаңдық жиындар өткізеді.

4.1-курс курсанттарымен оқу-алаңдық «жас сарбаз курсы» атты далалық оқу жиыны өткізеді.

5.Академияның тұрақты және ауыспалы құрамына саптық дайындықтан сабақтар өткізеді.

6.Әскери және қызметтік дайындық сабақтары аясында ату дайындығынан сабақтар өткізеді.

7.Академияның құрама жасағының жеке құрамымен сабақтар өткізеді.

8.Академияның құрама жасағының жеке құрамын жаттықтыруға ЖҚАЖ бөлімінің қызметкерлерін жұмылдырады.

9.Академи курсанттарының ішіндегі кіші командирлермен сабақтар өткізеді.

10.Академия тұрақты және ауыспалы құрамымен полигонда Калашников автоматынан тәжірибелік оқ ату сабақтарын өткізеді.

КАФЕДРА ҚҰРЫЛЫМЫ

Кафедраны кафедра бастығы басқарады.Жоспарланған оқу жүктемесіне сай кафедра құрамы белгіленеді.Кафедраның құрамында:кафедра бастығы, оның орынбасары, кафедра доценті, аға оқытушы, оқытушы, әдістемелік кабинет бастығы кіреді.

FaLang translation system by Faboba