ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Ғылыми кеңесі Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының алқалық басқару органы болып табылады.

Өзінің қызметінде Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасымен, 2007 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. № 574 бұйрығымен бекітілген Жоғарғы оқу мекеменің Ғылыми кеңесі қызметі және оның сайлау тәртібінің типтік ережесімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Жарғысымен басшылық етеді.

Ғылыми кеңестің қызметі өз құзырына кіретін сұрақтарды көпшілікпен біріге отырып жариялылық түрде шешуге бағытталған.

Ғылыми кеңестің қызметі жоғарғы оқу орнының даму болашағы бойынша және өзекті мәселелерді алқамен шешуге мүмкіндік береді. Қызметінің кейбір бағыттары бойыншаҒылыми кеңес өзінің құрамынан Ғылыми кеңесте талқыланатын материалдарға алдын ала сараптама жасауына жауапты комиссияны, кеңестің шешімдерінің орындалуын жүзеге асыруға итермелейтін және оларды бақылау бойынша комиссияларды құра алады.

                Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы – з.ғ.д., доцент, полиция полковнигі Кегембаева Жанар Аманжанқызы

            Ғылыми кеңестің Ғылыми және-ғылыми-педагогикалық кадрларын аттестаттауды әдістемелік қамтамасыз ету тобының аға ғылыми қызметкері–полиция майоры Әбдіхалықов Абзал Әбдісаттарұлы.

Байланыс телефоны: 8(727)3376497.

 

FaLang translation system by Faboba