Опубликовано

Жоғарғы оқу орындары аралық студенттік құқықтық олимпиада

2018 жылдың 28 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар  және әлем тілдері университетінің Экономика және құқықтану факультеті Халықаралық құқық кафедрасы студенттік жоғарғы оқу орындары аралық құқықтық олимпиада өткізді. Аталған шараға Қазақстанның 9 жоғарғы оқу орнынан командалар қатысты.

ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы Академиясының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция  капитаны А.К. Бекишев Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасынң аға оқытушысы полиция подполковнигі Б.С.Жантуаровтың  жетекшілігімен, 3 және 4 курс курсанттары (Токтабакыт Б., Бейсенбаева А., Тулеушев А., Абильдаев Г.) қатысты.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезең «Қылмыстық құқық» және «Қылмыстық-процесс құқығы» саласы бойынша өтті. Бұл кезеңде қатысушылар теориялық сұрақтарға, практикалық есептерге ауызша жауап берді. ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы Академиясының  курсанттары бұл тапсырмалардан сүрінбей өтті, әділ-қазылар алқасы қойған сұрақтарға дұрыс жауап берді. Әсіресе жақсы баға алып, ерекше көзге түскен курсанттар Б.Токтабакыт және А.Тулеушев болды.

Екінші кезеңде «Азаматтық құқық» және «Азаматтық іс жүргізу» пәндері бойынша теоретикалық сұрақтар қойылды. Бұл жолы жақсы баға алған курсанттар А.Бейсенбаева мен Г. Абильдаев болды.

Үшінші кезеңде «Азаматтық құқық» және «Азаматтық іс жүргізу» пәндері бойынша командалық ойын өтті. Осы кезеңде «Стражи закона» командасы азаматтық іс жүргізу саласындағы өздерінің терең білімдерін көрсетті.

Аталған барлық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары команда бойынша III орын иеленді.

 

C:\Users\Айып\Desktop\олимпиада\2a285af5-a2c1-4199-bd6a-2febd85a9548.jpg

 

C:\Users\Айып\Desktop\олимпиада\e85cf5c3-aeae-4197-b0fc-1a3c0f3d3e77.jpg

 

C:\Users\Айып\Desktop\олимпиада\3bde3cd7-0050-48f9-8f9f-b71a8721931d.jpg