Опубликовано

Академия курсанттары мәдени сейілге шықты

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы  Алматы академиясының жоғары білім институтының күндізгі оқу факультеті мен техникалық факультетінің курсанттары әр аптаның бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері адамгершілік-эстетикалық рухты көтеру, өнегелі-этикалық мәдениетті дамыту мақсатында Алматы қаласының көрікті жерлері мен мәдени ошақтарына  мәдени сейілге шығу шарасын өткізді.

Сейілге шығу кезінде Академия курсанттары академия алаңында сапқа тұрғызылып, курс басшылары мен топ кураторлары оларға өткізіліп отырған қалалық сейілдің мәні мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар сейіл кезінде қауіпсіздік шаралары мен тиісті ережелерді қатаң сақтау тапсырылды.  

Шара барысында курсанттар М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық театрына, Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрына, М. Лермонтов атындағы Орыс ұлттық академиялық драма театрына, Абай атындағы опера және балет театрына, Корей музыкалық театры, Ә. Қастеев, Д. Қонаев атындағы Мемлекеттік мұражайға, орталық мұражайға барды.   

Қаланың көрікті жерлері мен мәдени ошақтары  курсантарға күш-қуат беріп, бойларын сергітті. Мәдени сейіл кезінде курсанттар естелік суретке түсіп, өнерге, мәдениетке деген қызығушылықтары оянып қайтты.    

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\зуля куратор\IMG-20181025-WA0006.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\зуля куратор\IMG-20181114-WA0023.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\зуля куратор\IMG-20181114-WA0030.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\зуля куратор\IMG-20181114-WA0049.jpg