Опубликовано

Академия «Жаңа жыл» мерекесін атап өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында желтоқсанның 26 күні «Жаңа жыл» мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға Академия басшылығы, жеке құрам, ардагерлер және курсанттар қатысты. Сонымен қатар мерекеге орай ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлының қолдауымен «КАРАВАН» Вокальді-инструментальдік ансамблі келіп қатысты.   

Академия бастығы полиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлы салтанатты шараға қатысушыларды «Жаңа жыл» мерекесімен құттықтап, алдағы 2019 жылға жаңа белестерді бағындырып, табыстарға жетуді тіледі. «Жаңа жыл баршаңызға жаңа мүмкіндіктер мен жаңа үміттер алып келсін. Еліміз өркендеп, тәуелсіз мемлекетіміз жаңа көкжиектерді бағындырсын. Халқымыз аман болып, бақыт пен молшылықтан, татулық пен бірліктен ажырамасын. Аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, еліміздің мәртебесі одан әрі арта берсін! Әр отбасы, әр шаңырақ ырыс-береке мен татулықта болсын!» - деді өз сөзінде полиция генерал-майоры Т.Кулибаев.   Құттықтау сөзден кейін, мерекелік шараға арналған концерттік бағдарламалар мен сахналық көріністерге кезек берілді. Академия клубы «Жаңа жылдық» мерекеге сай безендіріліп, көпшіліктің көңілін қуантты. Әсіресе, өнерлі курсанттардың қолдарынан шыққан қыс мезгіліндегі әсем табиғаттан сыр шерткен ғажап суреттер мен көрнекіліктер сахнаның сәнін келтіріп, көзге ертегілер елін елестетті.

«Жаңа жыл» мерекесіне арналған концертті Академия курсанттарынан құралған өнерпаз топдың өз өнерлерін ортаға салып, қыздыра түскенін екрекше атап өту керек. 1 және 3 курс курсанттарын тұратын өнерпаздар ән салып, би билеп, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Сонымен қатар  мерекеге арналған қабырға газеттері мен қатысушылардың киім кию үлгілеріне қарап, курсанттардың «Жаңа жылдық» кешті мейлінше қызықты және әсерлі етіп өткізуге тырысқанын байқауға болады.

 Кеш соңында Академия бастығының арнайы шақыртуымен келген    «КАРАВАН» ВИА қызметкерлерінен құралған өнерпаздар тобы сахна төріне шығып, өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік кештің сәнін одан ары қыздыра түсті. Осылайша «Жаңа жылдық» мерекеге арналған салтанантты шара көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті. Өз өнерлерін көрсетіп, салтанантты шараға белсене қатысқан өнерпаз курсанттар Академия бастығының атынан марапатталып, тиісті сыйлықтарға ие болды.   C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.27.14 (1).jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.27.14.jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.26.44.jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.26.43 (2).jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.26.43 (1).jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.26.43.jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.26.42 (1).jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.26.42.jpeg

 

C:\Users\Айып\Downloads\WhatsApp Image 2018-12-29 at 15.26.41.jpeg