• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Бірлік пен татулық Академия төрінде

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында ерекше ықыласпен аталып өтті. Мерекелік шара барысында жас ұрпақты патриоттық рухта  тәрбиелеу, ұлттық саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында академияның профессорлық-оқытушылар құрамы заң институты мен техникалық факультеттің 1,2,3 курс курсанттарына 1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнінің шығу тарихы мен мағынасы туралы арнайы дәрістер өткізді.

Дәріс барысында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің орны бөлек екені баса айтылды. Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған еліміз бейбітшілік пен келісім арқылы күллі әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілік тұрақтап қалды. Тәуелсіздік тұсында да қырық жамаудай болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті негізге алғандар «жаңадан пайда болуы ықтимал үлкен қақтығыстар алаңы» ретінде қазақ даласын меңзеген еді. Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына себепші болды.

  Сонымен қатар мереке қарсаңында академия  курсанттары патриоттық тақырыптарға арналған фильмдерді көріп, қаладағы мәдени ошақтар мен театрларға барды.  Атап айтар болсақ курсанттар М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Г.Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры, Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұражайы мен  А.Қастеев атындағы орталық мұражайларға барып, рухани демалып қайтты.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 май фото\DSC02902.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 май фото\DSC02905.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 май фото\DSC02519.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 май фото\image00.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 май фото\IMG-20180501-WA0073.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 май фото\IMG-20170330-WA0014.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 май фото\IMG-20180501-WA0044.jpg