• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Жоғары оқу орындары базасында даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары

2018 жылдың 26 сәуір айында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының Жоғары академиялық курстарында «Кадр қызметінің өзекті мәселері » біліктілікті арттыру курстарының бөлігі ретінде «Некоторые аспекты кадрового обеспечения органов внутренних дел Республики Казахстан» атты тақырыбына сәйкес дөңгелек үстел өткізілді.

 Дөңгелек үстел мақсаты – Қазақстан Республикасы ІІО-ның кадр бөлімдерінің қызметін ұйымдастырудағы мәселелерін ғылыми тұрғыдан дамыту және жеке құраммен жеке-тәрбиелік жұмысы мен кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу болып табылады.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының профессорлық-оқытушы құрамы, Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының Жоғары академиялық  курстары қызметкерлері және тәжірибелік қызметкерлер, оның ішінде - ҚАЖІІБ бастықтарының кадр жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ТЖД басқармасының бастықтарымен өткізілді.

 

F:\Информация на сайт\IMG_0582.JPG

 

 

Көрсетілген мәселелерді талқылау мен жан-жақты зерттеу негізінде Дөңгелек үстел өткізу барысында келесідей ұсыныстар әзірленді:

1. Дөңгелек үстел қатысушылары кәсіби қызметтің тиімділігі көп жағдайда кадрлық қамтамасыз етуге байланысты екенін жеткізді. Сондықтан, Ішкі істер органдарына кәсіби мамандарды орналастыру және іріктеу сұрақтары ең маңызды болып табылатынын ескерді.

Қазақстандық полицияда іріктеу жүйесі мен мамандарды орналастыру, қызметті ұйымдастыру тұтастай ІІО штаттарының толықтығын қамтамасыз етпеді. Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көшбасшысы                         Н.Ә. Назарбаевтың : «Құқық қорғау қызметінің барлық кемшіліктері кадр мен оның резервін қалыптастырудың қанағаттанарлықсыз жұмысының салдарынан» - деді. Ойластырылмаған қайта ұйымдастыру, кадрларды іріктеу мен орналастырудағы субъективтілік, олардың білім беру жүйесінің әлсіздігіне орай кәсіби негіздіктің  жоғалуына алып келді, жеке құрамның негізсіз айналымының, орган басшылары негізгі лауазымдарға қызметкерлерді жеткілікті тәжірибе мен кәсіби жарамдылық принциптеріне сай тағайындамайтыны, нәтижесінде лауазымдарға жиі кәсіпқой емес қызметкерлер келеді, олар өз кезегінде өздерінің бағынатын адамдарын өздеріне сәйкес таңдайды.   

Полицияда кәсіби «айналым» тоқтатылмайды. Офицерлер ауыр еңбек жағдайында жұмыс істей тұра, тұрақты моральді-психологиялық стрессті сезінеді және олардың басым көпшілігінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары ұйымдастырылмаған, жеке тұрғын үй мен автокөліктері жоқ.  Бұл мәселе ІІО-ның ірі бөлімшелерінің ішінде тергеу-жедел бөлімшелерінде өткір сезіледі (Астана қ., Алматы қ.). Сол сияқты полицейлердің төмен еңбек жалақысын да көрсетуге болады. ІІО-ның қызметінің тиімділігіне бұл қалыптасқан ахуалдың шешілмегені өз кезегінде кедергісін келтіреді.

  1. Кадрлар құрамын кеңейту мәселесі егжей-тегжейлі қарастырылды. ІІО-ның Кадр бөлімшелерінің функциялары басқару деңгейі иерархиясының ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Барлық функцияларды сәтті жүзеге асыру үшін осы бөлімшелердегі қызметкерлердің кәсіби құрамын  қамтамасыз ету қажет. ІІО-ның кадр қызметінің жүйесін жақсартудағы басым орынды іріктеу, тәрбиелеу және кадрларды орналастыру болып табылады. Кадрлық жұмысты ұйымдастырушы мамандарды даярлау және дайындау, кадр жұмысын басқаруда басқару жүйесін жетілдірудің бір бөлігі болып табылады. Мысалы, Арнайы Дайындық Басқармасының қызметкерлерін ІІО бөлімшелеріне ауыстыруына байланысты қиындықтар бар, себебі, бүгінгі күні ату, жауынгерлік және арнайы-тактикалық дайындық актуалді тақырып болып саналады.

  2. Кәсіби мәдениет деңгейін көтеру үшін үнемі жұмыс істеуі қажет және ол Заңды нақты білуімен ғана емес, Заңды дұрыс түсіну мен оны тәжірибеде қолдануында. ІІМ заңдылықты нығайтудағы, кәсіби мәдениетті арттырудағы және ІІО қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығы оқытудың ең маңызды бағыты деп саналады. Қазір мамандарды тікелей кадрлық жұмысқа дайындау қажет, өйткені, елімізде ешқандай ведомстволық білім беру бөлімінде мұндай мамандарды оқытпайды. Сондықтан, дөңгелек үстел қатысушылары арнайы алғашқы даярлықта осыған орай өтуі қажет деген ұсыныс тастады.

  3. Қызметтік-жауынгерлік дайындықпен қоса, заңдылық пен тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етудің шарттары болады:

- Заң мен тәртіпті, қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етуде қызметкерлердің шұғыл және шешуші іс-қимылдарды ұйымдастыруға, жұмылдыруға, ұдайы жауынгерлік дайындыққа жағдай жасау шарты;

- Жедел-қызметтік қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың Ішкі істер органдарына деген беделін және сенімін арттыру міндетті шарты. Заманауи жағдайдағы бұл факторлар әсіресе өзекті болып табылады, өйткені олардың төмен сипаттамалары қоғамда елеулі алаңдаушылық туғызады, азаматтардың құқық қорғау органдарына көмек көрсетуден бас тарту процесіне өз үлесін қосады, заң мен тәртіпті нығайту бойынша қабылданған шаралар тиімділігін төмендетеді. Бірақ, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған ІІО қызметкерлерінің жазасы жайында сұрақ туындайды ( мысалы, жол ережесін бұзған жағдайда). Бір жағынан, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша жазаланады, екінші жағынан, мемлекеттік қызметкерлер ретінде тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Алайда, Қазақстан Республикасы Конституциясында бір құқықбұзушылық үшін азамат екі рет жазалана алмайды деп айтылған. Осыған орай дөңгелек үстел қатысушыларымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде көрсетілген жазамен ғана шектелсін деген ұсыныс жасалды.

Осыған сәйкес, елімізде аймақтық тәжірибе бар (мысалы, Қызыл-Орда облысы ІІД), бір құқықбұзушылық үшін екі рет жазаланған ІІО-ның қызметкерлері сотқа шағымданып, сол соттың шешімімен тәртіптік жауапкершіліктен босатылған.

 

F:\Информация на сайт\IMG_0583.JPG

 

 

  1. Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің талаптарына сай талқыланатын мәселе Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына (бакалавриат) үміткерлерді іріктеу болып табылады. Орта, арнайы орта оқу орындарында және әскери бөлімдерде үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізген кезде, ІІМ жоғары оқу орындарының мынадай:

- киім және азық-түлік жәрдемақысы, тегін оқу;

- оқу мерзімі армияда қызмет ету мерзіміне енгізілген;

- арнайы шен «полиция лейтенантын» беруі;

- оқуды тәмәмдаған соң, міндетті түрде ары қарай қызметті өткеру үшін жұмыспен қамтамасыз етілетіні және т.б. артықшылықтары бар болса да, тек бірен-саран жастар өздерінің тілектерін білдіреді.

Сол үшін, оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде мемлекеттік телеарналардан үгіт-насихат жұмыстарын көрсететін жарнамаларды күшейтуді дөңгелек үстел қатысушылары ұсынды.

Дөңгелек үстел тақырыбына сәйкес ұсынылған мақалалар, Жоғары академиялық курстарында өтетін дөңгелек үстелдердің жыл сайынғы жинағында жарияланады.