• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Республикалық пікір-сайыс турнир «Азаматтық бейбітшілік – қылмыссыз қоғамның кілті»

 

2018 жылдың 28-29 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының «Police Team» дебат клубы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған «Азаматтық бейбітшілік, қылмыссыз қоғамның кілті» атты дәстүрлі IV республикалық пікір-сайыс турнирін өткізді.

Академия басшылығының атынан және жеке өз атынан Академияның ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі А.Г.Кан сөз сөйледі. Пікір-сайыс турнирінің қатысушыларына мазмұнды пікір талас тілей отырып, өткізіліп отырған сайыстың реті мен ойын форматын таныстырды.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Новая папка\IMG-20180510-WA0007.jpg

 

Іс-шараға 40-тан астам фракциялар қатысты. Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің академиясы, Қазақстан Республикасы ҚМ Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Қазақстан Республикасы ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары мен Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Тұран университетінің және басқа жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша командалар 1, 2 және 3 орындар бойынша дипломдармен сондай-ақ «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік делегация», «Үздік талпыныс», «Көрермен көзайымы», «Жастар лигасының жеңімпаздары» номинациялары бойынша марапатталды.


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Новая папка\IMG-20180510-WA0003.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Новая папка\IMG-20180510-WA0006.jpg


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Новая папка\IMG-20180510-WA0004-1-1.jpg