• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Криминалистика саласы бойынша үздіктер анықталды

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «Тергеуші» ғылыми үйірмесі 2018 жылдың 16 мамырында 3-курс курсанттарының арасында «Ең үздік оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасы» атты байқау өткізді.  

Байқаудың өткізілу мақсаты курсанттардың «Криминалистика» пәнін игеру барысында алған тәжірибелік біліктіліктері мен теориялық білімдерін бекіту болды.

Академияның криминалистикалық полигонында өткен байқауда курсанттар адам өлтіру және ұрлық бойынша жасалған қылмыстар кезіндегі оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасы мен схемасын толтырды.

Өткізілген шара қортындысы бойынша алған білімдері мен тәжірибелерін толықтай дұрыс қолдана білген жеңімпаздар анықталды. Байқаудың жеңімпаздары деген атаққа қатардағы полицей Д.Нурмагамбетова және қатардағы полицей Г.Арыстанбекова ие болды.

Байқау аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар сертификатпен, жеңімпаздар – дипломдармен марапатталды.   

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Кылмыстык процесс жане криминалистика кафедарасы\фото\1.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Кылмыстык процесс жане криминалистика кафедарасы\фото\3.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Кылмыстык процесс жане криминалистика кафедарасы\фото\5.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Кылмыстык процесс жане криминалистика кафедарасы\фото\4.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Кылмыстык процесс жане криминалистика кафедарасы\фото\2.jpg