• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Академия курсанттары «Кинологиялық орталықта» болып қайтты

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Кинологиялық орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласындағы «Кинологиялық орталығында» 2018 жылдың 18 мамырында мемлекеттік қызметкерлердің 20 жылдық мерекесіне орай  «Ашық есік» күні өткізілді. ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Академияның 3 курс курсанттары аталған «Ашық есік» күні шарасына қатысып қайтты.

Іс-шара барысында курсанттар орталықтың оқу және материалды-техникалық жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар олардың назарына арнайы үйретілген қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы есірткі мен психотроптық заттар, жарылыс құралдары, қарулар, валюта және дериваттарды табудың амал тәсілдері ұсынылды. Қызметтік иттердің жасырынған заңсыз заттарды еш қиындықсыз таба алатындығы қонақтарды таң қалдырмай қоймады.      

Сонымен бірге іс-шара барысында кеден қызметінің кинолог-мамандары арасында өзара жалпы командалық жарыс өткізілді.