• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Атақты ардагер рухына тағзым

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында  23 маусым - Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өткізілді.    

Аталған шараға генералдар құрамы: ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерало-майоры Т.А.Кулибаев, ҚР Ұлттық ұлан және ішкі істер органдары Қазақстандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры У.К.Болсамбеков, милиция генерал-майоры Р.Е.Қайдаров, полиция генерал-лейтенанты В.В.Симачев, Алматы қаласы ІІД-нің Ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры С.Б.Асыл-Кеней қатысты.  

Кәсіби мереке  - Қазақстан полициясы күніне арналған айтулы шарадағы басты жаңалық Қазақ КСР ІІМ-нің құрметтті қызметкері, милиция генерал-майоры  Есболатов Мақан Есболатұлына арналған бюсттің салтанатты ашылуы рәсімі болды.

Қазақстан полициясы күнімен қонақтар мен әріптестерін және сап түзеген курсанттарды құттықтаған ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Т.А.Кулибаев милиция генерал-майоры  Есболатов Мақан Есболатұлына арналған бюсттің ашылуы жайлы айта келе: - Қазақстан полициясындағы генералдар ішінде Мақан Есболатовтың есімі ерекше зор құрметпен аталады. Ішкі істер саласында ол 45 жылдай қызмет атқарды. Өз қызметіне әрқашан адал, Отанын шын сүйген  азамат ретінде бәріміздің есімізде қалды.

Мақан Есболатұлы өзінің 11 жылын бүгінгі біздің Академияда, яғни ішкі істер саласына кәсіби мамандар дайындауға арнады. Оның басқаруы кезінде 1980-1991 жылдары КСРО ІІМ-нің Алматы арнайы милиция мектебі өзінің материалдық базасын нығайтып, жоғары милиция мектебі дәрежесін иеленуге мүмкіндік алды.

Мақан Есболатұлы соңғы жылдары  ҚР Ұлттық ұлан және ішкі істер органдары Қазақстандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Өзінің жинаған мол тәжірибесінің арқасында ол қызметті де үлкен абыроймен атқара білді.

Жақында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен милиция  генерал-майоры М.Есболатовтың есімі ҚР ІІМ-нің Алматы академиясына берілді. Бұл жаңалықты оқу орнының жеке құрамы мен курсанттары бір ауыздан қолдады. Атақты милиция генерал-майорына арналған бүгінгі ескерткіштің ашылу салтанаты баршамызға қуаныш сыйлады. Өскелең ұрпақты өткенді құрметтеуге, олардың өмірлерінен үлгі алуға ынталандырып, патриоттық рухта тәрбиелеу біздің басты міндетіміз болып табылады. Олай болса ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында қызмет атқару мен оқу біз үшін абырой – деді полиция генарал-майоры Т.А.Кулибаев.  

Сонымен қатар милиция генерал-майоры Мақан Есболатұлы Есболатовпен кезінде  бірге қызмет атқарған әріптестері мен оның қызы Р.М.Есболатова өздерінің естеліктерін айтып, сөз сөйлеп, гүл шоқтарын қойды.

Бұдан кейін шараға келген қонақтарға Академия курсанттарынан құралған жиынтық жасақ өздерінің жауынгерлік өнерлерін көрсетіп, жаппай бассыздық пен тәртіпсіздік орын алған кездегі жедел әрекет етудің амалдарын  орындады. Қылмыскерлерді құрықтау амалдарының ішінде автокөлікпен жүрген лаңкестерді қоршауға алып, арнайы жарылғышпен тоқтатып, дереу қолға түсіру тәсілдері көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Шара соңында келген қонақтар мен Академия жеке құрамы клубқа кіріп,  «Қазақстан полициясы күніне» арналған мерекелік концертті тамашалады.   

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.156\IMG_6525.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.120\IMG_6517.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.462\IMG_6512.JPG

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.431\IMG_6455.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.207\IMG_6638.JPG



C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.075\IMG_6552.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.782\IMG_6575.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.943\IMG_6616.JPG




C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.332\IMG_7015.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.150\IMG_6908.JPG



C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.691\IMG_6684.JPG



C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.253\IMG_6728.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.796\IMG_6834.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.821\IMG_6870.JPG

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.778\IMG_6940.JPG