• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Отанымның Жүрегі – АСТАНА!

    Отанымның Жүрегі – АСТАНА!

6 шілде Астана күні мерекесіне орай –  ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы тұрақты және ауыспалы құрамдармен іс-шаралар өткізді.

Бұл іс-шараларды өткізудегі негізгі мақсат – курсанттардың патриоттық сезімін ояту, тәрбие беру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіріп, құрметтеу және бүгінгі Астанаға қалай айналғандығы жөнінде кең мәлімет беру. Міне, жоғарыдағы айтылған мақсаттарды орындау барысында шілденің 6 күні 1 курс курсанттарына   Академия клубында өткізілетін «Астана күні» мерекесі тақырыбында  Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі С. Акатаева  және техникалық факультет  курсанттарына  осы кафедраның оқытушысы полиция подполковнигі Қ.Нұрманбетова дәрістер оқыды. Оқылған баяндамалар мен дәрістерде Астана қаласының қалай құрылғандығы және қалай Елордамыз атанғандығы, сонымен қатар сол бір сәттегі қиындықтар жайында, елбасымыздың сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында осы күнге жеткен жетістіктерімізге дейін қамтылған.

Сондай-ақ, Академияның 3 аумағында да «Феномен», «Откровение» атты бейнефильмдер  курсанттарға көрсетілді.

Академия курсанттарының атсалысуымен «Отанымның Жүрегі – Астана!» атты тақырыпта суреттер салынды. Суреттер терең мағыналы және тақырыпты ашатын Астана тарихынан сыр шертті.  Ең үздік суреттер  байқауы бойынша  техникалық факультеттің 111,  112 топ курсанттары және 1 курстың 101, 108 топ курсанттары Академия бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Еңселі Елордамызды мерейлі мерекесімен құттықтаймыз. Еліміздің тұғыры биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болып, қол жеткізген жетістіктеріміз молайып, асқақтай берсін Астана!



C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\астана 20 жылдығы суреттер байқауы\IMG-20180706-WA0022.jpg






C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\астана 20 жылдығы суреттер байқауы\IMG-20180706-WA0020.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\конкурс рисунков день астаны\казак т сайт0а\IMG-20180705-WA0029.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\конкурс рисунков день астаны\казак т сайт0а\IMG-20180705-WA0030.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\конкурс рисунков день астаны\казак т сайт0а\IMG-20180705-WA0059.jpg