• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Білім күніне арналған салтанатты шеру

2018 жылдың 1-ші қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ  Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында «Білім күніне» орай салтанатты шара өткізілді.

Шара барысында ІІМ  Мақан Есболатов атындағы  Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Т.А.Кулибаев профессорлық оқытушы құрам мен курсанттарды  «Білім күнімен» құттықтап, тілегін білдірді. Полиция генерал-майоры Талғат Асқарұлы өз сөзінде курсанттардың білімге деген құштарлығын арттыруға, тәрбиелі, білікті маман болып шығуына профессорлық-оқытушы құрамының тигізер үлесі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар курсанттарды еліміздің  заңдарын қатаң сақтауға, өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқарып, ата-аналары мен елдің сенімін ақтауға шақырды.

       Сап түзеп тұрған курсанттар алдында бұдан кейін Академияның құрметті ардагерлері сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.  

Дәстүрге сәйкес 1-ші курс курсанттарына білім кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Ресми шаралардан кейін сап түзеген жеке құрам мен курсанттар Академия алаңында салтанатты шерумен жүріп өтті.    

C:\Users\Айып\Desktop\1 сентябрь\IMG_8395.JPG

 

C:\Users\Айып\Desktop\1 сентябрь\IMG_8400.JPG

 

C:\Users\Айып\Desktop\1 сентябрь\IMG-20180903-WA0008.jpg

 

C:\Users\Айып\Desktop\1 сентябрь\IMG-20180903-WA0009.jpg

 

C:\Users\Айып\Desktop\1 сентябрь\IMG-20180903-WA0010.jpg

 

C:\Users\Айып\Desktop\1 сентябрь\IMG-20180903-WA0051.jpg