• Қаз
  • Рус

Опубликовано

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығымен «Ішкі істер органдарында іздестіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған ғылыми-зерттеу жұмысы төңірегінде ғылыми-тәжірибелік конференциясы (онлайн режимінде) өткізу жоспарланған.

Ғылыми-тәжірибелік конференциясының (онлайн режимінде) өткізілу уақыты  2018 жылдың 18 қазанында 11.00 сағатта.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны (онлайн режимінде) өткізудің мақсаты ІІО жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын жетілдіру, сонымен қатар олардың зерттеу нәтижелерін оқу үрдісіне және тәжірибе қызметіне енгізу.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес төмендегідей сұрақтарды талқылау жоспарланады:

  1. Қазіргі заманға сай ішкі істер органдарындағы іздестіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері;

  2. Хабар-ошарсыз жоғалғандарды, танымаған мәйіттерді және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған қылмыскерлерді іздестіруді жетілдіру;

  3. Пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген сотталғандарды және тергеуден, анықтаудан, соттан қашып жүрген сотталушы, айыпталушы, күдіктілерді іздестіру және оларды ұстау бойынша ІІО қызметін жетілдіру.

Конференцияға қатысу үшін республикамыздың соттарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамдары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады. Онлайн режиміндегі конференцияға қосылуды ұйымдастыру үшін , электронды мекен жайға Skype логинің немесе басқа да байланыс құралдары туралы мәліметті жолдауларыңызды сұраймыз.

Баяндамаларды рәсімдеу талабы:

Баяндама электрондық қалыпта (флеш карта, СD) және қағазда басылған түрде қабылданады. Мақаланы теру керек, бет үлгісі – А4, қаріп (шрифт) түрі – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14, жолдар аралығы – 1, жаңа жол басындағы бос жер – 1,25 см., мәтін ені түзуленген, беттер нөмірленбеген, беттің өлшемдері: жоғары, сол және төменгі жақтары – 2 см, оң жағы-1 см. Баяндама мәтіні автормен (авторлармен) оқылған және түзетілген болуы қажет.

Конференцияға қатысушылар туралы ақпараттарды және баяндамаларды 2018 жылдың 5 қазанына дейін , электронды мекен жайға жолдауларыңызды сұраймыз.

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Өтепов көш., 29, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы

Байланыс телефондары: 87017329791, 87014466963, 87472685868, Ғылыми-зерттеу орталығы



Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы

 

Алматы академиясы