Опубликовано

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін дайындау мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Т.А.Кулибаев Қырғыз Республикасы ІІМ Э.А.Алиев атындағы академиясында ведомстволық Жоғары оқу орындары басшыларының жиыны шеңберінде өткен шараға  іс-сапармен барды.

2018 жылдың 13-15 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Талғат Асқарұлы Кулибаев Қырғыз Республикасы ІІМ Э.А.Алиев атындағы академиясының базасында өткен милиция (полиция)басшы құрамын дайындау,  қайта дайындау мен біліктілігін арттыру бойынша ТМД мемлекеттерінің ІІМ Қауымдастығына қатысушы Жоғары оқу орындары басшыларының жыл сайынғы жиынына қатысты.

 

C:\Users\User\Downloads\за работой.jpg

Жиын шеңбері аясында «Перспективы обучения сотрудников правоохранительных органов на современном этапе» атты тақырыптағы ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Милиция (полиция) басшы құрамын дайындау,  қайта дайындау мен біліктілігін арттыруды талқылау барысында фундаментальды білімді жақсарту, ғылыми зерттеулермен білім байланысын күшейту, қоғам өміріндегі білім беру жүйесінің рөлін арттыруға бағытталған,  заманауи кезеңде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқытудың теоретика-әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқарушылық сұрақтары шеңбері кеңінен белгіленіп, Қауымдастыққа қатысушы ЖОО байланысын жақсарту мен бірлескен жұмысты үйлестірудің тұрақты түрдегі әрекеттері ұсынылды.  

 

C:\Users\User\Downloads\участники2.jpg

 

Жиын қатысушылары өздеріне алынған міндеттер мен милиция (полиция) басшы құрамын дайындау,  қайта дайындау мен біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан ары дамыту шеңбері аясында Қауымдастықтың жұмысын жетілдіру бойынша негізгі шараларға, сонымен қатар фундаментальды білімді жақсарту, ғылыми зерттеулер мен білім байланысын күшейту, қоғам өміріндегі білім беру жүйесінің рөлін арттыруға бағытталған,  Қауымдастықтың қатысушы ЖОО байланысын жақсарту мен бірлескен жұмысын үйлестірудің тұрақты түрдегі әрекеттері көрсетілген резолюцияға қол қойды.