Опубликовано

Сыбайлас жемқорлық тақырыбы талқыланды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек айында жоспарға сәйкес, ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тәрбие жұмысы бөлімі мен жеке құрам инспекциясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Академия тұрақты құрамына кәсіби қызметтік дайындық жиыны өтті.

Жиынға Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша  «Нұр Отан» ХДП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің хатшысы Александр Суй-Мин  қатысып, өзінің баяндамасын оқыды.

Александр Суй-Мин өз баяндамасында «Нұр Отан» ХДП-ның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жеке құрамға жеткізді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы міндетінде көрсетілген жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін күшейту барысына тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» ХДП  2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының әзірленіп, қазіргі таңда сол бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Аталған бағдарламаның мақсаты жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықты азайту, Үкімет және мемлекеттік қызметкерлердің халық алдындағы адалдығы мен тазалығын арттыру болып табылады.   

Жиын соңында Академияның жеке құрам инспекциясының қызметкерлері  жиналғандарға сыбайлас жемқорлық тақырыбында түсірілген бейне фильмдерді көрсетті.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Нур Отан 17.09.2018 г\DSC03028.JPG