Опубликовано

Суицид - бүгінгі күннің өзекті мәселесі

10 қыркүйек - Бүкіләлемдік суицидтің алдын алу күніне орай ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының  4 курс курсанттарына Алматы қаласында орналасқан Скляр Сергей атындағы психотерапиялық орталықтың психиатр-дәрігері, суицидолог Насырова Тамара Жексенбекқызы  «Суицидтің алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.

    Дәріс барысында  суицидолог Т.Насырова адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіруге бел байлауы, тек әлеуметтік факторлардан ғана емес, сондай-ақ қақтығыс түрінде байқалатын ішкі, жеке себептерге де байланысты екендігін, соның ішінде көптеген адамдардың экономикалық, яғни материалдық қажеттіліктердің жетіспеушілігі салдарынан өзіне-өзі қол жұмсауы негізгі себептерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Осы себептерге байланысты қазіргі таңдағы суицидтің алдын–алу мен оны тоқтату шаралары өте кең ауқымда, белсенді түрде жүргізіліп отыруы қажет екендігін түсіндірді.

Академия курсанттары суицидолог маманға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды. Жалпы кездесу әңгімелесу, сұрақ қойып, жауап алмасу түрінде еркін өтті.