Опубликовано

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

«Рухани жаңғыру» ұлттық стратегиялық бағдарламасы аясында ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігімен Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Азаматтық борыш» жобасы бойынша ауған соғысының ардагерлерімен 4-ші курс курсанттары  кездесу өткізді.

Кездесуге от пен оқтан туған жеріне аман-есен оралған ержүрек азаматтар,  ауған соғысының ардагерлері Құнанбаев Жұмат Құдайбергенұлы, Жақсыбаев Арғамбек Есімханұлы  қатысты.

Кездесу барысында курсанттар ардагер ағаларына өздерінің сұрақтарын қойып, жиын емен-жарқын әңгімелесуге ұласты.   Өз кезегінде қос ардагерлер өткен естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.