Опубликовано

Академия курсанттары арасында футболдан жарыс өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында ағымдағы жылдың 22-23 қыркүйегінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық, стратегиялық бағдарламасына сәйкес және Академияның 28-ші кешенді спартакияда бағдарламасы аясында білім алушы курсанттар арасында футболдан курс аралық жарыс өткізілді.

Ұлдар және қыздар құрама командаларының арасында өткен өзара футбол жарысының нәтижесі төмендегідей болды.

Ұлдар арасында өткен жарыста жоғарғы білім институты күндізгі оқу факультетінің 1 курс курсанттары топты жарып шығып, 1-ші орынды иеленді. 2-ші орынды әдемі ойын көрсете білген 4 курс курсанттары алды, ал  3-ші орынды 2 курс курсанттары қанағат тұтты.

Қыздар арасында өткен ойын өз ерекшелігіне сай қызықты өтті.  1-ші орынды өзгелерден оза шауып көзге түскен Техникалық факультеттің жалпы қыздар командасы айқын басымдықпен жеңіп алса, 2-ші орынды жоғарғы білім институтының күндізгі оқу факультетінің 1 курс қыздары  алды, ал 3-ші орынды 3 курс қыздар командасы иеленді.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Футбол\IMG-20180923-WA0016.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Футбол\IMG-20180923-WA0017.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Футбол\IMG-20180922-WA0017.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Футбол\IMG-20180922-WA0027.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Футбол\IMG-20180923-WA0029.jpg

 

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Футбол\20180922_141919.jpg