Опубликовано

Алматы қ. ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасағы (ЖҚАЖ) Академияда

Алматы қаласы ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасағы (ЖҚАЖ) Академияның жиынтық жасағымен бірігіп жаттығу өткізіп, практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының  Әскери және тактикалық арнайы даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы    Алматы қаласы ІІД –нің жедел қимылдайтын арнайы жасағымен (ЖҚАЖ) бірлесе отырып 2 және 3 курс курсанттарына апта сайын  арнайы практикалық және әдістемелік сабақтар жүргізіп тұрады.

Осы жолғы жаттығу  «Қоғамдық тәртіпті топтасып бұзудың алдын алу (жаппай тәртіпсіздік) бойынша арнайы операцияны жүргізу кезіндегі ІІО жеке құрамы қимылдарының тәсілдік әдістері» атты тақырыпқа арналды.

Жаттығу кезінде оқу-саптық бөлімшесінің офицерлері мен сержанттары белсенді қорғаныс, арнайы құралдармен жеке құрамның әдістерді дұрыс орындауы және ұжымдық шабуыл мен қорғаныс қимылдарын орындау тәртібін зерделеу, сапты басқару кезіндегі пәрмендерді дұрыс беру туралы білімдері мен машықтарын жетілдірді.