Опубликовано

Жоғары академиялық курстарына келген ІІО қызметкерлері 3 курс курстанттарымен кездесті

2018 жылдың 17-29 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының Жоғары академиялық курстарында “ІІО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” тақырыбы бойынша басқарма бастықтарының орынбасарлары мен бөлімше бастықтарының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Жоғары академиялық курстарының 2018 жылғы тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 20 қыркүйегі күні Жоғары академиялық курстарына келген ҚАЖІІБ тәжірибелік қызметкерлері ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғары білім беру институты күндізгі оқу бөлімінің 3 курс курстанттарымен кездесті.

Кездесу барысында шараның мақсаты мен мәні туралы ЖООКжҚББИ Жоғары академиялық курс бастығының орынбасары, полиция майоры А.З.Абажанова  сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.

Өңірлерден келген практикалық қызметкерлерге  курсанттар өздерінің болашақтағы қызметтеріне қатысты практикалық және құқықтық  мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

ІІО қызметкерлері 3 курс курстанттарының сұрақтарына жауап бере отырып, өздерінің практикалық қызметтерінен көптеген мысалдар келтірді, сонымен қоса ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметі мен жеке қасиеттері, моральдық  және теориялық білімнің аса маңыздылығы туралы әңгімеледі.

Кездесу сұрақ-жауап, еркін әңгімелесу түрінде өтті және жиын соңында курсанттар ІІО-нан келген қызметкерлермен естелік суретке түсті.