Опубликовано

Қазақстанның даму стратегиясы жолындағы конфессионалды саясат

2018 жылы 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар дайындау орталығында  «2050-ге дейін Қазақстанның даму стратегиясы жолындағы конфессионалды саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Форум жұмысына ҚІІБ-нан біліктіліктерін арттыруға келген орта басшы құрам, әлеуметтік гуманитарық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар дайындау орталығының  қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар дайындау орталығының бастығы, полиция полковнигі з.ғ.к., К.С.Карбеков  біліктілікті арттыру курсатарындағы өзекті тақырыптардың талқылану маңыздылығына тоқталып, жиналғандарға алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының әлеуметтік-гуманитарық пәндер кафедрасының бастығы, полиция полковнигі, з.ғ.к., А.Т. Алдабергенов өз баяндамасында Елбасының  ұлттық әлеуетті арттырып, одан ары мәдениет пен идеологияны насихаттайтын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы айтып өтіп, әйгілі қазақ жазушысы Ғ. Мүсіреповтың «Ер-тарғын аңызынан» мысалдар келтірді

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының әлеуметтік гуманитарық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымының кандидаты Т.С.Құлтаевтың оқыған баяндамасы қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Дөнгелек үстел қатысушылары баяндамашыға өздерінің сұрақтарын қойды. Өз кезегінде баяндамашы қойылған сұрақтарға тарихи фактілерді келтіріп, конфенссионалды міндеттердің қағидалары мен сипаттарын көрсете отырып жауап берді. Әлеуметтік-гуманитарық пәндер кафедрасының доценті, саясаттану ғылымдарының кандидаты, полиция капитаны А.А.Амреева әлемдегі діни ахуалдың даму тенденциясынан мысалдар келтіріп, салафизм мен басқа да дәстүрлі емес бағыттағы діни секталардың қазіргі замандағы қауіп-қатері туралы әңгімеледі.      

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушалар талқыланған тақыраптар бойынша  тиісті ұсынымдар қабылдады.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\для сайта Алдабергенов\IMG_1524.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\для сайта Алдабергенов\IMG_1565.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\для сайта Алдабергенов\IMG_1579.JPG