Опубликовано

Халықаралық қарттар күні

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының тәрбие жұмысы бөлімі және Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Академия қызметкерлері мен 1 курс курсанттары 1-ші Қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысы, тыл еңбеккерлері  және ІІО ардагерлерінің үйлерін аралап, жағдайларын біліп, көңілдерін сұрап, тиісті сый-сыйапаттарын беріп қайтты.

 ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі  А.Тұрысбеков, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, отставкадағы полиция полковнигі П.Жексенбай, тәрбие жұмысы бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Е.Жакиянов  1 курс курсанттарына үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызы мен мәнін түсіндіріп, атап айтар болсақ ҰОС ардагері Малышев Дмитрий Михайлович, ҰОС ардагерінің жұбайлары Назаренко Галина Степановна, Тюрина Доларес Алексеевна, сондай-ақ тыл ардагерлері Қасымов Нұрахмет Қасымұлы, Қосубаев Тельман Смағұлұлы, Сеиркова Ирина Анатольевна, Сычева Мария Александровна, Кранцевич Александра Григорьевнаның үйлеріне барып, Академия атынан сый-сыйапаттар жасап, құрмет көрсетті. Өз кезегінде ардагерлер курсанттарға өз өмірлерінен мысалдар келтіріп, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты.