Опубликовано

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын жұртшылық асыға күтеді. Өйткені Жолдауда таяу бағыттағы беталысымыз, елдің даму бағыты айқындалады. Әдеттегідей кез келген ұжым Жолдауды ортаға салып талқылап, ой өрбітуде.  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауы курсанттарға көрсетіліп, талқыға салынды.  

Ел Президенті Халыққа Жолдауында елдің білім мен ғылым әлеуетін көтеру мәселесіне ерекше назар аударды. Оның ішінде білім жүйесін жаңғырту, ғылымды қолдау барысында да бірқатар маңызды шаралар атқару тапсырылды. 

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге өсіру ,бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 35% ке көтеруді тапсырды.

Президенттің Қазақстан Республикасы ІІМ-нің штаттық санын оңтайландыруды, артылған қаражатқа полицияның жалақысын көтеру  және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге берген тапсырмасы полиция қызметкерлері үшін маңызды болды. Тұрғындармен жұмыс істеуде жаңа заманауи полиция форматын ендіру, полиция жұмысын  қызмет көрсету моделіне ауыстыру - халықтың ішкі істер органына деген сенімділігін нығайтуға арналған. Жергілікті жерлердегі ішкі істер бөлімдерінің Халыққа қызмет көрсету орталықтары секілді тұрғындарды қабылдауы, кез-келген жағдайдағы мәселелердің жылдам шешілуіне тиімді болмақ.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\послание президента\20181006_095521.jpg
C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\послание президента\DSC02902.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\послание президента\20180913_164552.jpg