Опубликовано

Әйелдер кеңесі өз жұмысын жалғастыруда

Ағымдағы жылдың  қазан айында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының жанынан құрылған қоғамдық ұйым - әйелдер кеңесі бас қосып 3-ші және 4-ші курс курсант қыздарымен жиналыс өткізді.

Кезекті басқосуда әйелдер кеңесінің төрағасы полиция полковнигі А. Айнабекова : «Әйелдер кеңесінің негізгі мақсаты – қызметтегі әйелдер мен білім алушы  қыздардың мәселелерін шешуге, академиядағы моральдік-құқықтық жағдайды нығайтуға, жас мамандарды тәрбиелеуге, қалыптастыру»-, екенін атап өтті.

Ерлермен иық тіресіп сапта жүрген погондағы нәзік жандылар қызметпен қатар отбасы тәрбиесі үшін де жауапкершілік арқалап жүр. Сол себепті өзара кеңес алып, ақылдасып, пікір алысатын бұл ұйымның моральдік қолдауы зор.  

Сонымен қатар курсант қыздарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) жеткізілді.