Опубликовано

Академия өнерпаздары «Парасатты полицей» байқауынан марапатпен оралды

2018 жылдың 3-5 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері мен магистранттары және 4 курс курсанттары өнерпаздарынан құралған «Алатау қырандары» командасы  Талдықорған қаласында Алматы облысы Ішкі істер департаментінің базасында өткен республикалық «Парасатты полицей» байқауына қатысып қайтты.

«Парасатты полицей» республикалық байқауы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б.Бейсенқұлов,  Қазақстан Республикасы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры А.К.Садубаев және Алматы облысы ІІД-нің бастығы полиция генерал-майоры М.Ж.Ұрұмхановтың қатысуымен өткізілді.   

         Аталмыш байқауда еліміздің әр аймағынан келген 21 команда өз ара жарысқа түсіп, бақ сынасты.  

Байқау қортындысы бойынша бас жүлдені Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің командасы жеңіп алса, бірінші орынды Шымкент қалалық ІІД ұтып алды. Ал екінші және үшінші орындарды Қостанай, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Көліктегі ІІД командалары бөлісті.

 Байқауда кәсіби шеберлік көрсетіп, полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруға ат салысып, Отанға, елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілікті дәріптегендері үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының «Алатау қырандары» командасы Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың, Алматы облысы ІІД бастығы полиция генерал-майоры М.Ж. Ұрұмхановтың алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н. Қасымовтың атынан дипломмен марапатталды.  

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\парсатты полицей Талдыкорган\20181003_170732.jpg


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\парсатты полицей Талдыкорган\IMG-20181003-WA0067.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\парсатты полицей Талдыкорган\IMG-20181005-WA0012.jpg



АНЫҚТАМА

2016 жылдың 22-23 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының курсанттарынан құралған «Біздің жігіттер» КВН командасы «Қазақстан КВН Одағы» республикалық Алматы ашық лигасының фестиваліне қатысып қайтты. Ойын барысында Академия курсанттарынан құралған «Біздің жігіттер» өз өнерлерін барынша ортаға салып, белсенділік танытып, жүлделі орынға ие болды.