Опубликовано

1 курс курсантттары ант қабылдады

2018 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында 1 курс курсанттарының ант қабылдау рәсіміне байланысты салтанантты шара өткізілді.

Бұл күні Академия табалдырығын жаңа аттаған жас курсанттар Отан алдындағы міндеттері мен парыздарын мойындарына алып, ерекше жауапкершілікті сезінді.

Академия іргесінде ант қабылдау рәсімі жыл сайын өтетін дәстүрлі шара. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының басшылығы мен жеке құрамы және 1 курс курсанттарының жақындары мен ата–аналары қатысты. Биылғы оқу жылы бойынша Академияға 300 курсант қабылданды. Атап айтар болсақ, олардың ішінде 254 курсант жоғары білім институтында жедел-іздестіру мамандығы бойынша білім алса 46 курсант техникалық факультетте оқитын болады.  

        Салтанатты шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлы өзінің құттықтау сөзімен ашты. Полиция генерал-майоры өз сөзінде, 1 курс курсанттарын Отан алдындағы ант қабылдау рәсімімен құттықтап, оларға халқының тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп, қоғам тыныштығы үшін күш-жігер жұмсай білетін, білікті маман болып шығуды тапсырды.

    

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Ант қабылдау рәсімі.13.10.2018ж.Фотограф-Расул+7-747-994-66-84\Ант қабылдау рәсімі.13.10.2018ж.Фотограф-Расул+7-747-994-66-84\IMG_1262.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Ант қабылдау рәсімі.13.10.2018ж.Фотограф-Расул+7-747-994-66-84\Ант қабылдау рәсімі.13.10.2018ж.Фотограф-Расул+7-747-994-66-84\IMG_1319.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Ант қабылдау рәсімі.13.10.2018ж.Фотограф-Расул+7-747-994-66-84\Ант қабылдау рәсімі.13.10.2018ж.Фотограф-Расул+7-747-994-66-84\IMG_1338.JPG