Опубликовано

ІІО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет: мәселелері, шешу жолдары

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында 2018 жылдың 27 қыркүйегі күні бекітілген сабақ кестесіне сәйкес,  Жоғары академиялық курстарының тыңдаушылары, санаты: «басқарма бастықтарының орынбасарлары мен бөлімше бастықтары», Академияның профессорлық-оқытушы құрамы, Жоғары академиялық курстарының қызметкерлері және ЖАК біліктілікті арттыру курстарына келген білім алушылармен бірге «Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет: мәселелері, шешу жолдары» атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді.

Кездесуді Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты Жоғары академиялық курстары бастығының орынбасары, полиция майоры Ә. Абажанова дөнгелек үстелдің мақсаты мен тапсырмаларымен таныстырды. Дөнгелек үстел кезінде қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Дөнгелек үстелдің тақырыбына қатысы бар өзекті сұрақтар қарастырылды. Нақты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңына қатысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оны алдын-алу мен болдырмау жолдары бойынша негізгі сұрақтар талқыланды. Талқылаулар кезінде дөнгелек үстелге қатысушылар келесіде көрсетілген ұсыныстар мен қорытындыларды жасады:

- елімізде сыбайлас жемқорлықтың денгейін төмендету үшін, жүйелік жіне нақты түрде іс-әрекеттер жасау керек, тәуелсіз тергеулерді жүргізу үшін басқа БАҚ толық мүмкіндіктер беру керек.

- жаңа құқық бұзушылық түрлерімен күресу үшін заңнамаларды үнемі жетілдіріп отыру керек, тәжірибеде қолдану мен дүрыс түсіну бойынша кәсіби мәдениет денгейін көтеруде үнемі жұмысты жүргізіп отыру.

- адал және білікті қызметкерлердің басқа салаға кетіп қалмасы үшін, мемлекеттік қызметті тартымды және беделді етіп жасау.       

- мемлекеттік қызметті қаржылық жағынан ұтымды жасау керек, мемлекеттік қызметкердің еңбек өтіліне сәйкес оны әлеуметтік және материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, жоғары зейнет ақы, демалыс жәрдем ақы, салық және басқа да жағынан жеңілдіктер жасау, себебі мемлекеттік қызметкер жемқорлық бойынша жауапқа тартылу алдында және жемқорлық әрекеттер жасаудан бұрын аталған жеңілдіктерден айырылып қалатынын түсіну керек.

- мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтар арасында және ІІО-ры жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау үшін, ведомствалар мен билік органдарындағы отырған қызметкерлерді үнемі ауыстырып отыру керек, себебі жүйе ішінде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдау, мемлекеттік қызметкерлердің аумақтар арасында қызметке тағайындауға байланысты сұрақтарды шешуге орай.

- қоғамдық пікірді толық өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша халықтың құқықтық мәдениетін көтеруді қалыптастыру, мемлекеттік тапсырыстарды ашық түрде жүргізу, сонымен бірге, барлық өзін-өзі басқару мекемелері мен мемлекеттік органдарында үнемі жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралын жүргізу.

Осыған орай, Қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты жұмыс жүргізу үшін күресу жүйелік шараларын қолдану. Біздің мемелекетіміз бен Қазақстан халқының мүддесін қорғауды қамтамасыз ету үшін, талқылаулар мен заңдылық шешімдерден нақты шараларға көшу керек.