Опубликовано

«Ел жүрегі Астана»

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының  курсанттары арасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына орай «Ел жүрегі Астана» атты ән фестивалі   өткізілді.

Шара барысында ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының жоғары білім институты мен техникалық факультеттің 1, 2, 3, және 4 курс курсанттары академия клубында бас қосты.  

Салтанатты шараны құттықтау сөзбен  Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлына бастады. Полиция генерал-майоры Талғат Асқарұлы  курсанттарға өткізіліп отырған ән фестивалінің мәні мен маңыздылығы атап өтіп, оларға шабыт пен шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл-күй тіледі.  

Бұдан кейін шара «Ашық» деп жарияланып, курсанттар үш тілде атап айтар болсақ мемлекеттік тіл қазақ тілі және орыс, ағылшын тілдерінде әндер орындады. Курс бойынша кезек-кезек сахна алаңына шыққан курсанттар әр түрлі жанрдағы әндерді айтып, мың бұралып би биледі. Әр әнді орындау барысындағы көрсетілген слайттар, безендірілген сахна, өнерпаздардың киім кию үлгілері көрермендердің көңілінен көтеріп, қуанышқа бөледі.     

Фестивалге қатысушылар үш тілде ән шырқап қана қойған жоқ, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің әндері мен билерін нақышына келтіре орындап, сахна көркін қыздырды.  

Ән мен би жарысында ерекше көзге түсіп, өз өнерлерімен көрермендердің жүрегін жаулап алған техникалық факультеттің курсанттары бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы сый-сыйапат көрсетіліп, жаңа теледидар табыс етілді.

Ал 1-ші орын 3 курс курсанттарына берілді. 2-ші орынды 1 курс, 3-ші орынды 2-ші курс курсанттары өзара бөліп алды. Сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілікке қуанышты көңіл-күй сыйлай білген бұл қатысушылар да сый-құрметке бөленіп, грамота алып, тағы да басқа бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2001.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2009.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2033.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2035.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2042.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2075.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2138.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2167.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2248.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2301.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2352.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2353.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\ән фестивалі\IMG_2356.JPG