• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Магистранттар табиғат аясында болды

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы  Алматы академиясының Ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттары Бутаковка шатқалына саяхатқа барды.

Бутаковка шатқалына саяхат Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының мәдени іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.  

Аталған іс-шара Қазақстанның әр аумағынан келген магистранттарды бір-бірімен жан-жақты жақын таныстыру біріктіру және Алматы қаласының көрнекті жерлерінің бірі Бутаковка шатқалымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.  Бутаковка шатқалы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары жиі келетін қаламыздың табиғаты әсем жерлерінің бірі болып табылады.

Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы баурайында табиғаты әсем шатқал бар. Теңіз деңгейінен жоғары 1700-2900 метр биіктікте орналасқан. Шатқалдын түбінен Бутаковка өзені ағып жатыр, Кіші Алматы өзенінің оң жақ саласында болып табылады.

Шатқалдың Бутаковка деп аталу себебі 1860 жылы орманды қорғау үшін әскери күзет қойылған екен, содан бұл орын күзет бастығының фамилиясымен аталып кетті деген сөз бар. Алайда нақты фактімен дәлелденбеген.

Бутаковка шатқалының  ең көрікті орыны- шатқалдын әсем табиғаты мен таза ауасы адам жаның рахатқа бөлейді. Бутаковка шатқалы тау туризмінің ішінде ең әйгілі нысан болып табылады.

Саяхат соңында магистранттар дастархан ұйымдастырып естелікке табиғат аясында суретке түсті.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\IMG-20181030-WA0001.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\IMG-20181030-WA0000.jpg