Опубликовано

Академия курсанттары Теміртау қаласындағы жарыстың жеңімпазы атанды

2018 жылдың қазан айында Қарағанды облысы Теміртау қаласында Жауынгерлік самбодан 1998-1999 жылы туған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Жарысқа Атырау, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарынан және Астана, Алматы қалаларының құрама командаларынан 150-ге жуық балуандар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына Теміртау қалалық әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.

Аталған жарыста ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының құрама командасы жақсы өнер көрсетіп,  3 алтын, 1 күміс және 1 қола медалды еншілеп, командалық есеп бойынша 1-ші орынды жеңіп алды.

Жарыста жүлделі орын алған курсанттарды атап өтер болсақ, 2 курс курсанты Әлімбеков Бибатыр 74 кг салмақта 1 орынды иеленді. 3 курс курсанттары Төлеухан Нұрмұхан 62 кг салмақта 2 орынды, Берік Ерік 68 кг салмақта 1 орынды алды. 4 курс курсанттары Кенжебай Бағдаулет 82 кг салмақта 3 орынды, Ақжолов Шыңғыс +100 кг салмақта 1 орынды иеленді.

Жарыс соңында жүлделі орын алған балуандарға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің медалдары мен дипломдары табысталды.  

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\кафедра физкультуры\темиртау\ITOX2124.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\кафедра физкультуры\темиртау\CKJK7964.jpg

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\кафедра физкультуры\темиртау\BHFC2423.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\кафедра физкультуры\темиртау\NYUE4883.jpg