Опубликовано

Академия курсанттары жүлдемен оралды

Ағымдағы жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында самбодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Жарысқа Атырау, Ақтау, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Семей, Павлодар, Алматы облысы, Қарағанды облыстарынан және Астана, Алматы қалаларының құрама командаларынан 150-ге жуық балуандар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына Семей қалалық әкімшілігілі мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.

Жарыс барысында сайысқа қатысушы балуандардың спорттық шеберліктері өте жоғары екендігі байқалды. Өйткені, олардың ішінде есімдері елге танымал Әлемнің, Азияның, Қазақстанның және басқа да  ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Барлық команда мүшелері жарыста жақсы өнер көрсете білді. Еліміздің бас додасындағы жарыста ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары  1 күміс және 3 қола медалды жеңіп алды. Сөйтіп командалық есеп бойынша 3-ші орынды иеленді. Жүлделі орын иегерлерінің есімдерін атап өтсек олар, 2 курс курсанты  Иргебаева Гулфар 72 кг салмақта 3 орын алды. Ал 3 курс курсанттары, Қабдел Алфия 52 кг салмақта 2 орын, Амангелді Бағдат 57 кг салмақта 3 орынды иеленді. 2 курс магистрантты Калиеков Ермек болса  +100 кг салмақта 3 орынды жеңіп алды.

Жарыс соңында барлық жүлделі орын алған балуандарға ҚР спорт және дене шынықтыру істері комитетінің медалдары мен дипломдары табысталды.   

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\кафедра физкультуры\семей каласы\FIDM9847.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\кафедра физкультуры\семей каласы\HSPN4972.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\кафедра физкультуры\семей каласы\ITGP1834.jpg