Опубликовано

Курсанттар арасында «Күзгі бал» салтанатты шарасы өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын іске асыру мақсатында  жоғары білім институты мен техникалық факультеті курсанттары арасында «Күзгі бал» салтанатты шарасы өтті.

Күзгі балға арналған салтанатты шарада құттықтау сөз Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Кулибаев Талғат Асқарұлына берілді. Полиция генерал-майоры Талғат Асқарұлы өз сөзінде жиналғандарды «Күзгі бал» мерекесімен құттықтап, курсанттарға оқуды жақсы оқып, ата-аналарының сенімін ақтап, елдің тыныштығын қорғау жолында аянбай еңбек ететін полиция қызметкері болып шығуды тапсырды.  

«Күзгі бал»  шарасы барысында курсанттардан құрылған командалар  бірқатар номинация бойынша өзара курс аралық жарысқа түсті.

Бірінші номинация бойынша әр команда сахнада бар таланттарын ортаға салып, өздерін таныстырып шықты.  Ал екінші турда команда мүшелері өздерінің «Күзгі балға» арнап дайындаған әр-түрлі киім үлгілерін көрсетті. Үшінші номинация бойынша командалар күзгі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден, көкеністерден өрілген буклеттерін көпшілік назарына ұсынып, көрермендерді тәнті етті.

Академия басшылығы мен қызметкерлерінен құралған әділ-қазылар алқасы әр командаға белгіленген номинациялар бойынша тиісті бағаларын беріп отырды.    

Аталған кеште өнерпаз курсанттардың әуелеп шыққан әсем әндері Академия клубын ерекше көңіл-күйге бөледі. Шараға қатысушылар ән шырқап қана қоймай, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің билерін нақышына келтіре орындап, сахна көркін қыздырды. Атап айтар болсақ мерекелік шарада, «Сальса»,  «Танго», «Лезгинка», «Ча-ча-ча», «Твист» «Ұйғыр биі», «Шығыс биі», «Испан биі», тағы да басқа қазіргі заманауи билер орындалды. Жалпы «Күзгі бал» шарасына арналған мерекелік кеш көрермендердің көңілінен шығып, кешті ұйымдастырушылар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында әділ-қазылар алқасының бағалауымен  жеңімпаз командалар анықталып, олар Академия атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9594.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9590.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9613.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9625.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9632.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9644.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9647.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9618.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9667.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9695.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9784.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9835.JPG

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9844.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Осенний бал.28.11.2018г\IMG_9845.JPG