• Қаз
  • Рус

Опубликовано

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні

2018 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында  «1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне» арналған салтанатты шара өтті.

Айтулы шараға Академия басшылығы, ардагерлер  мен жеке құрам қатысты. Салтанатты шарада құттықтау сөз ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Кененбаев Серік Мәлікұлына берілді. Полиция полковнигі Серік Мәлікұлы өз сөзінде

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қазақ халқы үшін тарихи күн екенін, 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін қалаушы   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет ел президенті болып сайланғанын атап өтіп, ардагерлер мен әріптестерін және курсанттарды айтулы мерекемен құттықтайтынын жеткізді.

        Келесі құттықтау сөз кезегі, Академия ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Тұрысбеков Абдулла Сағынтайұлына берілді. Абдулла Сағынтайұлы өз сөзінде тәуелсіз еліміздің айтулы мерекесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен жиналған барша қауымды құттықтап, оларға жұмыста табысты болып, Отанымыз Қазақстан Республикасының одан ары өркендеп даму жолында адал қызмет етуді тіледі.       Келесі сөзді алған Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті полиция капитаны Амреева Ақтолқын Айтқанқызы жиналған қауымды Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ел басқарудағы қасиеттері мен жеке-дара тұлғалық ерекшелігі  жайында мәліметтер келтіріп, баяндама жасады.

Баяндама аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымов пен Академия бастығы полиция генерал–майоры Т.Кулибаевтың мерекелік бұйрығын жеке құрамға жеткізу үшін  кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Сарыбаев Қуан Ертайұлына кезек берілді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен 1, «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен 1, «Құрмет грамотасымен 1, ІІМ грамотасымен 2, Алғыс хатпен 3, Алғыспен 3 қызметкер Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың бұйрығымен марапатталды.   Сонымен қатар бірқатар курсант Академия бастығы полиция генерал–майоры Т.Кулибаевтың бұйрығымен грамота алып, алғысқа ие болды.

Салтанатты жиын соңында  «1 желтоқсан - тұңғыш Президент күніне» арналған деректі фильм көрсетілді.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 декабрь\P1190669.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\1 декабрь\P1190672.JPG