Опубликовано

Академия жеке құрамы «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдерімен кездесті

2018 жылдың 7 желтоқсанында ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тәрбие жұмысы бөлімі мен жеке құрам бойынша инспекциясының ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің хатшысы Сию-Мин Александр Анатольевич пен аталған қоғамдық кеңестің мүшесі Белецкий Владимир Владимирович Академия жеке құрамымен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Нұрғазиев сөз сөйлеп, аталмыш кездесу Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен онда аталған сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналып, жемқорлыққа қарсы тұрудың жолдары талқыға салынатынын  жеткізді.

Мінбеде сөз алған «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің хатшысы Сию-Мин Александр Анатольевич өз баяндамасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен құқықтық нормаларға кеңінен тоқталып, мысалдар келтірді. Өз кезегінде Академия қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының атынан келген өкілдерге сыбайлас жемқорлық тақырыбына байланысты өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.   

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Нур Отан 07.12.18\DSC03726.JPG

 C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Нур Отан 07.12.18\DSC03737.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Нур Отан 07.12.18\IMG_4033.JPG