Опубликовано

Психологиялық тренинг

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор-полигрофологы полиция майоры   Ж. Кирикбаева 1-курс курсанттарының жаңа ортада өзін-өзі ұстаулары мен мінез-құлықтарын тексеріп, білу және Академия курсанттары арасындағы психологиялық климаттың қандай жағдайда екенін анықтау мақсатында арнайы тренинг өткізді.

Тренинг барысында курсанттар өткізілген шараға белсене қатысып, өздерінің көңіл-күйлерін ашық көрсетіп,  алған әсерлерін өзгелерге қысылмай, еркін баяндап беруге дағдыланды.

Тренинг кезінде жеке тұлға өзінен бөлек, басқа адамдардың көңіл-күйіне қарауды, олардың орнына өздерін қойып, өзге адамдарды жақсы түсінуді үйренеді. Сонымен қатар өзінің жеке тұлғалық қасиеттері мен мінезін басқалар қалай қабылдайтынын көріп, оларды өзара салыстыруға мүмкіндік алады. Сол арқылы өзінің жақсы және жаман қасиеттерін біліп, өзін жеке тұлға ретінде жетілдіруге жағдай жасайды.

Жүргізілген психологиялық тренинг жұмыстарының қортындысы бойынша Академия курсанттарының арасында психологиялық климаттың  тұрақты әрі жағымды екені анықталды.