Опубликовано

Академия курсанттары дәрігерлер кеңесін тыңдады

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының тәрбие жұмысы бөлімі мен  медицина бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1, 2, және 4 курс курсанттары Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің мамандарымен кездесті.

Кездесу барысында «Қорқор, темекі шегу, насыбай қолданудың қандай пайдасы бар?» тақырыбында баяндамалар жасалып,  қорқор, темекі, насыбайдың зияны туралы видеороликтер мен слайдтар көрсетілді.

Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің мамандары «Біз темекісіз қаламызды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты туралы айтып,  насыбай ату, қорқор мен шылымқорлықтан саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастырудың жолын көрсетіп, бұдан басқа да адам ағзасына зиянды заттардың әсері туралы курсанттарға жеткізді.

Шара соңында 1 және 2 курс курсант қыздары әйелдер кеңесінің қатысуымен  С.Д. Асфендияров атындағы медицина университетінің акушер-гинеколог мамандарының «Түсік тастаудың алдын алу» туралы дәрісін тыңдады. Дәріс барысында ерте жыныстық қатынастың қаупі мен салдары және жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар туралы ақпараттар таныстырылды. Ерте жыныстық қарым қатынастар түсік тастауға, аборт жасауға алып келетінін атап өткен дәрігерлер бұл құбылыстардың қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналғанын айтты.   

Өз кезегінде курсанттар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\мед раб 07.12.2018 г\IMG_20181207_160456.jpg

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\мед раб 07.12.2018 г\IMG-20181207-WA0059.jpg