Опубликовано

Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты шара өтті

2018 жылдың 15 желтоқсанында ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне  арналған салтанатты шара өткізілді.

  Салтанатты шараға Академия жеке құрамы мен курсанттар, ардагерлер және академия басшылығы қатысты.

Алғашқы сөз кезегі ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Мәлікұлы Кененбаевқа берілді. Полиция полковнигі Серік Мәлікұлы өз сөзінде «Құрметті әріптестер, қонақтар! Тәуелсіз еліміздің айтулы мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биіктен желбірей берсін! Мемлекетіміз одан әрі өрлеу мен өркендеуді жалғастырып, әрбір қазақстандық  мол табыс пен бақ-дәулетке кенелсін! Отбасыңызға зор денсаулық, баянды бақыт пен береке бірлік тілеймін» - деп атап өтіп, салтанатты шараны «ашық» деп жариялады.

Келесі сөз кезегі Жоғары білім беру институты және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Құлтаев Талғат Сейтханұлына берілді. Профессор Т.Құлтаев жиналған қауымды тәуелсіздік күнімен құттықтап, 1986 жылы болған 16-шы желтоқсан оқиғасының тарихы мен  маңыздылығы жайында мәліметтер келтіріп, баяндама жасады.

Бұдан кейін сөз кезегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовтың және Академия бастығының мерекелік бұйрықтарын жеке құрамға жеткізу үшін, сөз кезегі кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Сарыбаев Қуан Ертайұлына берілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция подполковнигі С.Мұхтаров «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен марапатталды. Полиция майоры А.Абылкасымова. полиция капитаны А.Аканов, полиция капитаны Б.Жалилов, полиция капитаны З.Сураппаева II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, полиция подполковнигі Р.Асубаева ІІМ «Құрмет грамотасымен», полиция подполковнигі М.Нұрғазиев, полиция аға лейтенанты Р.Мухамадиева ҚР ІІМ «Грамотасымен» марапатталды.

Сонымен қатар ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының бұйрығымен бірқатар қызметкерлер мен курсанттарға грамота беріліп, алғыс жарияланды.  Салтанатты жиын соңы патриоттық әндерден құралған мерекелік концертке ұласты.

E:\Новая папка (2)\DSC_5200.JPG

 

E:\Новая папка (2)\IMG-20181221-WA0039.jpg