Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің бұйрығы 13 сәуір 2013 жылы  № 232 « Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі жоғары оқу орындарында мамандық пен мамандарды тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Алматы академиясына «Құқық қорғау органы» жедел-іздестіру мамандығы бойынша бекітілсін. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Алматы академиясында жоғары, жоғары білімнен кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша Ішкі істер министірлігіне білікті кадрларды даярлау процесінде және оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірі бұйрығымен №463 30.04.2016 жылы «жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы» құрылды.

     Кафедра жұмысы  теориялық және практикалық маман кадрларды дайындауға, профессионалдық білімге ие, дағдыланған, мемлекеттік білімнің жалпыміндетті стандарттарымен құзыретті болуы қажет.

   Қойылған мақсаттарға жетуді келесі міндеттерді шешу арқылы  жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы факультеттерінде білімнің жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі деңгейдегі мамандарды даярлауда кафедра профилі бойынша бір немесе бірнеше аралас пәндер бойынша  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырады және жүзеге асырады; қылмыстылықпен күрестің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді;жедел-іздестіру қызметі ғылымы саласында оқу құралдарын, сызбалы альбомдар және оқу әдебиеттерінің басқа да түрлерін дайындайды.

      Кафедраның   штаты нормативтік   оқу жүктемесімен және
профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесін жоспарлау бойынша қолданыстағы әдістемелік ұсынымдармен белгіленеді және ІІМ басшылығымен бекітіледі.

       Қазәргі уақытта кафедраны  заң ғыламдарының кандидаты, полиция полковнигі Әбілезов Естай Тоқтасынұлы басқарады.

IMG_8674

 

Жедел іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы ҚР ІІМ Алматы академиясының структуралық бөлінісі болып табылад. Кафедраның штаттық құрамын 11 қызметкер құрайды. Олар, кафедра бастығының орынбасары полиция подполковнигі Төлмағамбетов Әділ Арқабайұлы, кафедра  профессоры з.ғ.к. Әбдірова Гүлнар Әленқызы, кафедра доценты полиция полковнигі Берлыбекова Мадиан Еркенқызы, кафедра аға оқытушылары полиция полковнигі Оноприенко Василий Григорьевич, полиция полковнигі Жұмаділдаев Қуаныш Төлегенұлы, полиция подполковнигі Отарбаева Азина Байболатқызы, полиция майоры Мухамеджан Мұрат Серікұлы, кафедра оқытушылары полиция майоры Нұрсейітов Данияр Саветбекұлы, полиция майоры Шайсұлтанов Самат Даулетұлы және кабинет бастығы полиция аға лейтенанты Әбілдаева Әсел Рашидқызы.

IMG_8661

ЖІТжәне АТ кафедрасының қызметкерлері

Солдан оңға қарай: Мухамеджан М.С., Оноприенко В.Г., Абильдаева А.Р., Жумадилдаев К.Т., Берлыбекова М.Е., Абилезов Е.Т., Отарбаева А.Б., Тулмаганбетов А.А., Шайсултанов С.Д., Нурсейтов Д.С.

 

Кафедраға келесідей пәндер бекітілген;

-Жедел өңдеу және астыртын жұмыс

-Трансұлттық қылмыстарды ескерту, ашу және жолын кесу тактикасы

- «Қылмыстылықпен күресте жедел бөлімдердің қызметі»

-Жедел-қызметтік құжаттарды құрастыру бойынша практикум.

-Жедел іздестіру шараларын жүргізу тактикасы.

-ІІО арнайы техниканы қолдану тактикасы.   

  

 

Қызметкерлер құқық қорғау органдарының жедел және басқа да бөлімдерімен үнемі байланыста болады және ішкі істер органдарының аймақтық бөлімдерінде тәжірибеден өтіп тұрады.  

Барлық қызметкерлердің білімдері жоғары және ішкі істер органдарының жедел бөлімдерінде істеген тәжірибелері бар. Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы үнемі өздерінің біліктілігін арттырып отырады. Олар шетелде біліктілігін арттыру курстарынан өткен (ҚХР Пекин, Сямынь және Үрімші қалаларында; Түркияның Анкара қаласында), сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ, DEA (АҚШ), TIKA (Түркия) сияқты Халықаралық ұйымдар ұйымдастырған халықаралық және аймақаралық семинарлар мен тренингтерге қатысқан.     

       Кафедрада пәндік әдістемелік комиссия (ПӘК) жұмыс істейді, оны полиция полковнигі Қ.Т. Жұмаділдаев төрағалық етеді. Пәндік әдістемелік комиссия төрағасы кафедра жұмыс жоспарының негізінде семестрге ПӘК жұмыс жоспарын құрады және оны кафедра бастығы бекітеді.     

Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасында курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының аясында «Жедел із кесуші» үйірмесі жұмыс атқарады. Үйірме жетекшісі полиция майоры М.С. Мұхамеджан. Курсанттар оқытушылардың жетекшілігімен өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысы барысында ғылыми баяндамаларды дайындайды, олар үйірме мәжілісінде тыңдалады. Үйірме іс қағаздарының өндіріснде үйірме жарғысы, мәжіліс хаттамалары бар, сонымен қатар кафедрада үйірме стенды ілінген.      

Кафедра қызметкерлері физикалық және әскери дайындығын арттыру, спортпен айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар ІІО қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатныда Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастамасымен өткізілетін спорттық шараларға белсенді түрде қатысады.  

Кафедрада оқу процессін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кабинет бар, ол стендтермен және интерактивті тақтамен жабдықталған.

Кафедра қылмыстық құқық бұзушылықтармен күрес бойынша туындайтын тәжірибелік және қолданбалы мәселелерді шеше алатын ұжым болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамының жинақтаған оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесі жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің түрлі құрылымдарымен ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты үнемі арттырып, дамытуға мүмкіндік жасайды.