Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Әлеуметтік –гуманитарлық пәнер кафедрасы – Қазақстан Республикасы ІІМ 31 мамыр 2016 жылғы №210 бұйрығымен ұйымдастырылып, ҚР ІІМ Алматы академиясы күндізгі оқу факультеті Заң институтының құрамына кіреді. Әлеуметтік-гуманитралық пәндер кафедрасы ҚР ІІМ Алматы академиясының оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу мен курсанттар расында тәрбие жұмысын, сонымен қатар ғылыми және педагогикалық кадрлар дайындауды, қайта даярлау мен олардың біліктілігін көтерудегі негізгі оқу құрылымы болып табылады. Кафедраның оқу процесі күндізгі және сырттай оқу факультеттерінде, магистратурада, жоғары академиялық курстарда жүргізіледі.

Кафедраның оқытушылары магистратурада «Ғылым тарихы және философиясы», сырттай және күндізгі оқу факультеттерінде «Қазіргі заманның Қазақстан тарихы», «Философия», «Саясаттану», «Экология және тұрақты даму», «Экономикалық теория негіздері», «Мәдениеттану», «Дінтану» пәндері бойынша және жоғарғы академиялық курсттар мен педагогикалық шеберлік мектебінде мемлекеттік және орыс тілдерінде білікті сабақтар жүргізеді.

Кафедраның жеке құрамымен көптеген тәрбие жұмыстары жүргізеуде. Сабақ басталар алдында кафедраның оқытушыларымен бірге жүйелі түрде әлемнің және Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси жағдайлары жөнінде қысқаша саяси шолулар жүргіледі. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы кестеге сәйкес курсанттарға саяси-эконимикалық және әлеуметтік мәселелер жөнінде мемлекеттік-құқықтық ақпараттандыру жүргізуге қатысады.

Қазіргі таңда кафедраның штаты – 11 бірлікті құрайды. Кафедрада тәжірибелі оқытушылар қызмет етуді. Оның ішінде 6 ғылым кандидаты (2 - тарих,1 – заң ғылымдарының, 1 – философия, 1 – саяси) курсанттарға дәріс оқиды. Кафедра бастығы – полиция полковнигі А.Т.Алдабергенов, профессор – Т.С.Құлтаев, доценттер - Кельменбетова А.А., Турысбеков А.С., Амреева А.А., аға оқытушылар - Сейсембекова Р.Б., Акатаева С.А., оқытушылар - Аканов А.А., Үмбетова А. А., Жексембаев Ш. И., Аширбеков Ш.Б.