Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы

Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының оқытушылық құрамалық бөлімшесі болып есептеледі. Кафедра сабақ жүргізу, әдістемелік-оқу, ғылыми-зерттеулік және тәрбиелік жұмыстармен айналысады. Ол өзінің қызметіндегі жұмысына ҚР қолданысындағы нормативтеріне және заңдасты актілеріне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ведомстволық актісіне, ҚР ІІМ Алматы академиясының Жарғысына, сол сияқты осы Ережеге сәйкес жетекшілік етеді.

Кафедраның өзіндік қалыптасқан дәстүрі бар. Кафедра басында ардагерлер және құрметті зейнеткерлер тұрды. Олар – отставкідегі милиция подполковниктері: А.Б.Мадияров, А.П.Борисов, Б.А.Смелков, В.П.Плясуля, С.А.Улитин, С.П.Любота, отставкідегі ішкі қызмет полковнигі В.И.Базилевский, отставкідегі полковник Қ.Ж.Беркумбаев, полиция полковниктері: А.П.Калашников, А.П.Романов.

Кафедраның құрылуына және дамуына үлкен үлес қосқан полиция полковниктері: Әбішев К.С., Оспанов Ж.Т., Омаров Т.Б., Теміров Н.Б., Баймолда Е.А., Дәуленбаев М.Т., Ерниязов Е.А, полиция подполковниктері: Қантарбаев Е.А., Мұхамедсадыков Ж.Ж., Кожин С.П., Ғабдулкәрімов А.Қ., Цицорин А.Н., Әубәкіров С.А., Дүйсенбаев Ә.К., Мәзімбаев М.К., Мырзабеков Қ.А., Манғұтов Қ.Н., Ахметова Д.А., полиция майорлары: Корнев А.А., Фиофилактов А.В., Абдалимов Ф.Р., Мұхаметжанов Б.С., полиция капитандары: Саттаров Н.Қ., Ргелов Н.Т., Үмбеталиев Ж.Е. және басқалар.

Суретте солдан оңға қарай: 1. кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі Халықов Е.А., 2. кафедра бастығы полиция подполковнигі Мырзабеков Қ.А., 3. оқытушы полиция майоры Терлікбаев Е.Т., 4. кафедра аға оқытушысы полиция полковнигі Ерниязов Т., 5. Аға оқытушы полиция подполковнигі Маңғұтов Қ.Н.

 

Қазіргі таңда Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасында келесі қызметкерлер жұмыс істейді: кафедра бастығы полиция подполковнигі Мырзабеков Қ.А., кафедра доценті Теміров Н.Б., оқытушы  Маңғұтов Қ.Н., полиция подполковнигі Мұхаметжанов Б.С., полиция майоры Саттаров Н.К., оқытушылар: отставкадағы полиция подполковнигі Дүйсенбаев Ә.К., полиция подполковнигі Халықов Е.А., полиция майоры Ахметбеков Т.К., полиция майоры Асанова С.Ж. полиция капитаны Ешмұхамбетов Е.С., полиция капитаны Аканов А.А., полиция аға лейтенанты Нуров А.Д., кафедра кабинет бастығы  полиция аға лейтенанты Нурғали Т.Қ., спорттық базаның меңгерушісі Парфенева Т.Ю.

Суретте: кафедра бастығы полиция подполковнигі Мырзабеков Қ.А.

Суретте солдан оңға қарай: 1. кафедра оқытушысы полиция капитаны Ешмұхамбетов Е.С., 2. Аға оқытушы полиция майоры Асанова С.Ж., 3.  оқытушы полиция капитаны Аканов А.А.,4. оқытушы полиция аға лейтенанты Нуров А.Д., 5. кафедра бастығы полиция подполковнигі Мырзабеков Қ.А., 6. аға оқытушы полиция подполковнигі Мұхаметжанов Б.С.,7. кафедра оқытушысы полиция майоры Ахметбеков Т.,8. оқытушы Дүйсенбаев Ә., кафедра кабинет бастығы полиция аға лейтенанты Нурғали Т.Қ.



Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының басты міндеттерінің бірі академия тыңдаушыларының дене дайындығының қалыптасуы үшін және олардың қабілеттілігін кәсіби қызметте іске асыру мақсатында сабақты ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.

Академияда кәсіби қызметте қажет болатын дағдыларды қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру дайындығы жоғары деңгейде ұйымдастырылады және өткізіледі. Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы Академия тыңдаушылары арасында спорттың қолданбалы түрлері бойынша әртүрлі жарыстар мен спаратакиадалар өткізеді, «Динамо» орталық және қалалық Кеңестері өткізетін спорттық-көпшілік іс-шараларға қатысады. Кафедрада қазақ күресі, дзюдо, самбо, қоян-қолтық ұрыс, бокс, жеңіл атлетика, футбол, волейбол, қол күресі, кір көтеру спорты секциялары жұмыс істейді. Қызметкерлер мен курсанттардан жасақталған академияның құрама командалары спорттың қолданбалы түрлері бойынша қалалық, Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасында тәжірибелі оқытушылар, жаттықтырушылар спортшыларды шеберлікке баулып келеді.

 

 

 

 

Бүгінгі күнге дейін Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасында 3 - Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылары, 1 - Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 13 - Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 4 - КСРО спорт шеберлері, 42 - Қазақстан Республикасының спорт шеберлері және 1000-нан астам Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалған. Олардың екеуі Сидней Олимпиадасының қатысушылары, үшеуі – әлем чемпиондары, екеуі полицейлер арасындағы Әлем чемпиондары, біреуі Әлем Кубогінің иегері, екеуі Азия чемпионы, сегізі Әлемнің және Азияның жүлдегерлері.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылар: Беркумбаев Қанат Жаннетұлы (қоян-қолтық ұрыс), Дәуленбаев Мұхит Тойлыұлы (кикбоксинг), Теміров Нұрғалым Байназарұлы (самбо).

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері: Мәзімбаев Марат (бокс).

Суретте: кәсіпкой бокстан әлем чемпионы Мәзімбаев М.К.

 

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері: Скрябин Сергей (ушу-саньда), Әубәкіров Сакен (ушу-саньда, кикбоксинг), Ниязов Шакир (таэквандо), Баймұхамедов Арман (қайық моделін жүздіру спорты), Гурман Алексей (суға секіру), Гуща Владимир (мылтық ату), Қайыпжанов Елмұрат (кикбоксинг), Мұқанов Руслан (қоян-қолтық ұрыс), Абдалимов Фархат (самбо), Теміров Нұрғалым (самбо), Клусевич Александр (волейбол), Тойлыбекова Айдана (джию-джитцу).

КСРО спорт шеберлері: Әзбергенов Дулат (қоян-қолтық ұрыс), Әміржанов Ермек (қоян-қолтық ұрыс), Матжанов Жакен (самбо), Жамбиев Болат (самбо).

Қазақстан Республикасының спорт шеберлері: Сұраншиев Қасымбек (ушу-саньда, қоян-қолтық ұрыс), Әубәкіров Сакен (қоян-қолтық ұрыс), Самаев Дархан (кикбоксинг), Тастанов Әділ (ушу-саньда, кикбоксинг), Мұхаметжанов Баймұханбет (кикбоксинг), Теміров Нұрғалым (самбо, дзюдо), Нұрахметов Нұржан (таэквондо), Палмағанбетов Серік (таэквондо, қоян-қолтық ұрыс), Жүргенбаев Бауыржан (таэквондо, қоян-қолтық ұрыс), Селиванов Дмитрий (қоян-қолтық ұрыс); Қырықбаев Арман (қоян-қолтық ұрыс), Берманов Расул (қоян-қолтық ұрыс), Сұлтанбеков Жақсылық (тоғыз құмалақ), Ивахник Максим (қоян-қолтық ұрыс), Ни Алексей (қоян-қолтық ұрыс), Дерюгин Денис (қоян-қолтық ұрыс), Сатпаев Талғат (қоян-қолтық ұрыс), Бахтияров Ержан (самбо), Агаев Низами (қоян-қолтық ұрыс), Бектұров Бауыржан (қоян-қолтық ұрыс), Батурбаев Руслан (қоян-қолтық ұрыс), Балабаев Ербол (таэквондо, қоян-қолтық ұрыс), Ермоленко Дмитрий (қоян-қолтық ұрыс), Мұқанов Руслан (қоян-қолтық ұрыс), Халитов Рамиль (қоян-қолтық ұрыс), Темірханов Иннулла (қоян-қолтық ұрыс), Пошымов Әскербек (самбо, қазақ күресі), Сабирдинов Бауыржан (таэквондо), Салиев Мирхат (самбо), Ешмұханбетов Ернар (самбо), Мырзабеков Қанат (самбо), Ибикеев Досбол (самбо), Салманов Нұрсұлтан (қоян-қолтық ұрыс), Шоқаев Асылхан (бокс), Ырсымбет Азамат (бокс), Чолпанбеков Айбек (самбо), Қызайбек Саят (самбо), Ұзғамбаев Сырымғазы ((қоян-қолтық ұрыс) және т.б.

 

 

Кафедрада 3 әртүрлі спорттық ойындарға арналған зал, 4 күрес пен қоян-қолтық залы, 2 ауыр атлетика залы, 1 ойын алаңы, 2 100 метрге жүгіру жолдары, сауықтыру кешені және қойма бөлімдері бар.

 

Қоян қолтық  ұрыс залы

Ауыр атлетика залы

 

Ойын залы

Бокс залы



Жуынатын бөлме