• Қаз
  • Рус

Радиоэлектроника және телекоммуникация кафедрасы

Радиоэлектроника және телекоммуникация кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының техникалық факультеттің оқу, ғылыми құрылымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 496 бұйрығының негізінде құрылған.

Радиоэлектроника және телекоммуникациякафедрасының білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 20 қазанда берілген №АБ 0142750 Мемлекеттік лицензиясы мен 2013 жылғы 30 мамырдағы №001 және 2014 жылғы 21 шілдедегі №003 лицензия қосымшасы негізінде жүзеге асырылады.

       2015-2016 оқу жылынан бастап, 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша мамандарды дайындайды. Осы мамандық бойынша күндізгі оқу бөліміне жылда 25 курсант қабылданып даярланады.

Сонымен қатар курсанттар кафедра тарапынан берілетін пәндер бойынша мемлекеттік және орыс тілінде, өткізу үшін оқу үрдісіне қатысты кітаптармен, компьютерлік класстармен, зертханалық құрылғылармен және интерент жүйесімен толық қамтамасыздандырылған.

Осы мамандықты меңгергеннен соң болашақта түлектер бірінші кезекте ішкі істер органдарының техникалық қызмет бөлімдерінде,сондай-ақ ақпараттық-аналитикалық орталықтарында, арнайы техника және байланыс бойынша бөлімдерде, жол-патрульдік полиция бөлімдерінде, жедел қабылдаудың арнай отрядтарында, қылмыстық-орындаушы жүйе бөлімдерінде, административті полиция бөлімдерінде, т.б. жұмыс істеуге бағытталады

Қазіргі таңда кафедрада Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін және Алматы энергетика және байланыс университетін бітірген, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар, білікті мамандардан құрылған.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру, білім беру, ғылыми және мәдени салалар бойынша байланысты күшейту мақсатында Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетімен және Алматы энергетика және байланыс университетімен ынтымақтастық және ғылыми алмасу бағытында келісім шарт жасалынып, сол бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта радиоэлектроника және телекоммуникация кафедрасының бастығы полиция полковнигі Жакибаев Марс Тілеуұлы, қарамағында қызмет жасайтын қызметкерлер:

Доцент полиция полковнигі Жаналиев Ғалымжан Сағымбекұлы;

Аға оқытушылар полиция аға лейтенанты Ибекеев Серикбек Еслемесұлы және ерікті жалдамалы Луганская Сауле Плановна;

Оқытушылар полиция лейтенанты Мұқаш Жазира және ерікті жалдамалы Абдельдинов Шаяхмет Шайыхұлы;

Кабинет бастығы Қуаныш Даурен